Дастан Сатпаевтың «Челси» сапындағы алғашқы ойыны қашан болады

18:59, 19 маусым 2026

© Сурет: Instagram/f.c.kairat

19 маусымда ағылшын футбол Премьер-лигасы келесі маусымдағы ойындарының толық кестесін жариялады. Қазақстандық жанкүйерлер алдағы Англия чемпионатын тағатсыздана күтетіні белгілі, өйткені "Челси" сапында біздің талантты жерлесіміз Дастан Сәтпаевтың дебюті болуы тиіс, деп хабарлайды Zakon.k

17 жастағы шабуылшы көп ұзамай Лондонның "Челсиінің" жейдесін киеді, біз одан АПЛ-дың бастапқы матчтарында көзайым боламыз деп үміттенеміз.

Британдық заңдарға сәйкес, Дастан 18 жасқа толғанда ғана ойнай алады, ал бұл межеге екі айдан аз уақыт қалды. 12 тамызда "Қайраттың" бұрынғы ойыншысы өзінің кәмелет жасқа толғанын атап өтетін болады.

Ал 24 тамызда " ақсүйектер" АПЛ-дың жаңа маусымының шымылдығын түріп, Фулхэмге" қарсы ойын өрнегін көрсетеді. Лондон ұжымының жаңа бапкері Хаби Алонсо Сәтпаевқа өзін бірден дәлелдеуге мүмкіндік береді ме немесе басқа матчтарға сақтап қояды ма, мұны алдағы уақыт көрсетеді.

Әзірге, бірінші турдың басқа матчтарына үңіліп көрелік. Англия чемпионы "Арсенал" 21 тамызда "Ковентриды" өз алаңында күтіп алады, "Халл Сити" "Манчестер Юнайтедпен" кездеседі, "Манчестер Сити" "Борнмутпен "ойнайды,"Ньюкасл Юнайтед" "Ливерпульмен" күш сынасады.

АПЛ-дың барлық маусымының толық кестесімен мына жерден таныса аласыздар.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!