Семсерлесуден Азия чемпионаты: үш қазақстандық спортшы 1/8 финалға дейін жетті
© Сурет: olympic.kz
Бүгін, 19 маусымда Үндістанның Дели қаласында ересектер арасындағы семсерлесуден Азия чемпионаты басталды. Чемпионат бағдарламасын ерлер арасындағы қылыш және әйелдер арасындағы рапира сайыстары ашты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қазақстан құрамасы сапында ең үздік нәтижені 1/8 финалға дейін жеткен үш спортшы көрсетті. Алайда олар бұл кезеңнен аса алмады, деп хабарлайды Ұлттық олимпиада комитетінің баспасөз қызметі.
София Актаева Оңтүстік Корея өкілі Мо Бёльге 4:15 есебімен жол берді.
Артем Сарксисян ширек финал жолдамасы үшін өткен кездесуде Гонконг спортшысы Чан Лон Хей Ройстан 12:15 есебімен жеңілді.
Ал Жанат Нәбиев қытайлық Шэнь Чэньпэннен 9:15 есебімен ұтылып, жарысты аяқтады.
Бақдәулет Құралбекұлы 1/32 финалда жарыс жолынан шықты. Назарбай Саттархан мен Алена Гноева 1/16 финалда тоқтаса, Алина Искандерова да өнерін 1/32 финал кезеңінде аяқтады.
20 маусымда Азия чемпионатында ерлер арасындағы шпага және әйелдер арасындағы қылыш сайыстарында жүлдегерлер анықталады.
Бұған дейін бокстан Қытайдағы әлем кубогы кезеңінде Қазақстанның тағы үш өкілі жартылай финалға шыққанын жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
19:45, 19 маусым 2026
Қосымша ақша тапқаны үшін балалы ана мемлекеттен төленетін әлеуметтік төлемнен айырылуы мүмкін бе
-
19:23, 19 маусым 2026
Камера жұмысындағы ақау: Абай облысында 172 жүргізушіге төлеген айыппұлдары кері қайтарылуда
-
19:23, 19 маусым 2026
Камера жұмысындағы ақау: Абай облысында 172 жүргізушіге төлеген айыппұлдары кері қайтарылды
-
18:59, 19 маусым 2026
Дастан Сатпаевтың «Челси» сапындағы алғашқы ойыны қашан болады
-
18:07, 19 маусым 2026
+42°C. Еліміздің басым бөлігінде 20 маусымда күн қатты ыситыны ескертіледі





