Елена Рыбакина Берлиндегі турнирді екінші айналымда аяқтады
© Сурет: ktf.kz
Қазақстанның бірінші, әлемнің екінші ракеткасы Елена Рыбакина Берлиндегі WTA 500 санатындағы шөп төсенішіндегі турнирдегі өнерін аяқтады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жарыста екінші нөмірмен тіркелген қазақстандық теннисші бәсекені екінші айналымнан бастады.
Бұл кезеңде оған әлемнің 35-ракеткасы, филиппиндік Александра Эала тап келді.
Кездесу екі сетке созылып, Рыбакина 5:7, 4:6 есебімен жеңіліп қалды.
Теннисшілер кортта 1 сағат 32 минут өткізді. Осы уақыт ішінде Елена 13 эйс жасап, төрт рет қос қателікке жол берді және екі брейк-пойнттың біреуін ғана тиімді пайдаланды.
Осылайша, Елена Рыбакина Берлиндегі турнирдегі жарыс жолын екінші айналым кезеңінде аяқтады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:15, 18 маусым 2026
Моңғолиядағы Grand Slam: қазақстандық дзюдошылардың алғашқы қарсыластары анықталды
-
19:05, 18 маусым 2026
Әртістік жүзу: Әлем кубогының суперфиналында Қазақстан намысын кімдер қорғайды
-
18:27, 18 маусым 2026
Билли Джин Кинг кубогы: қазақстандық теннисшілер қатысатын финалдық кезеңнің кестесі жарияланды
-
10:13, 17 маусым 2026
Бибісара Асаубаева Қытайдағы шахматтан әлем чемпионатында Қазақстан намысын қорғайды
-
09:46, 17 маусым 2026
«Челси» Дастан Сәтбаевтың болашағына қатысты жоспарын жариялады





