Қазақстан және Ресей шекарасында 360-тан астам жүк көлігі кептеліп тұр
© Сурет: pixabay
Ақтөбе облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті мен кәсіпкерлер палатасының қызметкерлері Мәртөк ауданындағы "Жайсаң" – "Сағаршын" халықаралық автокөлік өткізу бекетіндегі жағдайды тексеріп, шекарада алып кептеліс қалыптасқанын анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Диапазон" басылымының 18 маусымдағы жарияланған мәліметінше, Қазақстан және Ресей шекарасында жүздеген ауыр жүк көлігі кезек күтіп тұр. Көлік легі бірнеше шақырымға созылған.
Кәсіпкерлер палатасының мәліметінше, мониторинг қорытындысында шекарадан өту үшін күту уақыты 24 сағаттан асатыны анықталған.
"Өткізу бекетіне кіреберісте шамамен 360 жүк көлігі жиналған. Бұдан бөлек, Саржансай ауылы маңында тағы 250-ге жуық ауыр жүк көлігі өз кезегін күтіп тұр. Осылайша, шекарадан өтуді күтіп тұрған көліктердің жалпы саны 600-ден асады", – делінген хабарламада.
Тексеру барысында кептелісте тұрған көліктердің жартысынан астамы тез бұзылатын азық-түлік өнімдерін тасымалдап келе жатқаны белгілі болды. Атап айтқанда, Өзбекстаннан Мәскеуге жаңа піскен көкөніс пен жидек жеткізіп бара жатқан жүк көліктері тәуліктеп шекарада тұруға мәжбүр. Соның салдарынан өнім бұзылып, кәсіпкерлер қомақты шығынға ұшырауда.
Жүк тасымалдаушылардың айтуынша, кептелістің басты себебі – Ресей жағындағы "Сағаршын" өткізу бекетінің өткізу қабілетінің шектеулі болуы. Қазіргі таңда онда кіретін бағытта бір ғана жолақ жұмыс істейді. Сонымен қатар, ресейлік кеден қызметі алдымен жеңіл және жолаушылар көліктерін өткізіп, содан кейін ғана жүк көліктерін қабылдайды.
Ал Қазақстан жағында көлік өткізу жұмыстары қалыпты режимде жалғасып жатыр. Мемлекеттік кірістер органдары қолданыстағы инфрақұрылымға түсіп отырған жүктемені еңсеріп отырғанын мәлімдеді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:46, 18 маусым 2026
Елена Рыбакина Берлиндегі турнирді екінші айналымда аяқтады
-
22:15, 18 маусым 2026
Моңғолиядағы Grand Slam: қазақстандық дзюдошылардың алғашқы қарсыластары анықталды
-
21:05, 18 маусым 2026
20 маусымда ЖОО қабылдау комиссиялары жұмысын бастайды: нені білу керек
-
20:46, 18 маусым 2026
АҚШ және Иран келісімі: Тоқаев Пәкістан премьер-министріне хат жолдады
-
20:46, 18 маусым 2026
АҚШ және Иран арасындағы келісім: Тоқаев Пәкістан премьер-министріне хат жолдады





