Футболдан 2026 жылғы Әлем чемпионатының ең әдемі ойыншылары анықталды
© Сурет: Instagram/rodridepaul
Көптеген сарапшы әртүрлі номинациялар бойынша үздік футболшылардың тізімін жариялады. Бұл жолы ойыншылардың қабілеттерінен бөлек, қазіргі турнирдің барлық атақты адамдары арасында "әдемісі кім" деген рейтинг те жасалыпты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жасанды интеллектпен жұмыс істеуге маманданған сарапшылар 2026 жылғы әлем чемпионатының ең танымал 150 футболшысының келбетін симметрия, тепе-теңдік және бет үйлесімділігін танытатын "алтын қатынас" негізінде талдады. Осы зерттеулердің нәтижелері бойынша қазіргі мундиалдағы ең әдемі ойыншы ретінде Аргентина құрамасының жартылай қорғаушысы Родриго де Пол атанды. Лионель Мессидің "Интер Майамидегі" серіктесі 74,18% рейтингке ие болды.
Бұл рейтингте екінші орынға Германия құрамасының шабуылшысы Кай Хаверц (74,1%) орнықты. Жүлделі үштікті Англия құрамасының көшбасшысы Нони Мадуэке (73,29%) түйіндейді.
Одан кейін мысырлық Мохамед Салах (73,27%), бразилиялық Эндрик (73,25%), кәріс спортшысы Сон Хын Мин (73,24%) тұр.
Ал әйгілі португалдық шабуылшы Криштиану Роналду бұл тізімде тек 45-орынға ие болды.
"Ол - өзінің имиджіне өте мұқият қарайтын футболшылардың бірі, бірақ мұнда ол 45-орынға жайғасып, бұл "алтын арақатынастың" қаншалықты ерекше екенін байқатады. Ол стиль, харизма немесе танымалдылықты есепке алмайды, тек бет пропорцияларына басымдық береді".Аталған рейтингті жасаушылар
41 жастағы ойыншының өзі бұл күндері бір-ақ нәрсені күйттейді: қалай да гол соғып, 2026 жылғы әлем чемпионатында өз командасына жеңіс әкелуді.
Бұған дейін Катарға қарсы матчта Канада құрамасының ойыншысы ауыр жарақат алғанын жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
18:59, 19 маусым 2026
Дастан Сатпаевтың «Челси» сапындағы алғашқы ойыны қашан болады
-
18:43, 19 маусым 2026
Семсерлесуден Азия чемпионаты: үш қазақстандық спортшы 1/8 финалға дейін жетті
-
18:07, 19 маусым 2026
+42°C. Еліміздің басым бөлігінде 20 маусымда күн қатты ыситыны ескертіледі
-
17:49, 19 маусым 2026
Жоғары дәрежелі шақырту бойынша: Алматыда дәмхана өртенді
-
17:22, 19 маусым 2026
Апорт алмасы қайта жаңғыртылып, жаңа бақтардың аумағы 110 гектарды қамтитын болады






