БҚО-да балалар орталығының бухгалтері бюджеттен 9 млн теңгеден астам қаржыны жымқырған
© Фото: Zakon.kz
Батыс Қазақстан облысында Тасқала ауданы білім бөлімінің "Мектептен тыс жұмыс орталығы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнаның бухгалтері бюджет қаражатын ірі көлемде жымқырғаны үшін жауапқа тартылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Облыстық прокуратураның 18 маусымдағы мәліметінше, мемлекеттік қаржының заңсыз иемденілгені тексеру барысында анықталған.
Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 189-бабы 3-бөлігі 1-тармағында (сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену немесе ысырап ету) көзделген қылмыстық құқық бұзушылық белгілерімен сотқа дейінгі тергеу басталды.
Жиналған дәлелдер негізінде қылмыстық іс сотқа жолданып, іс қарауы аяқталды.
Сот үкімімен бухгалтер 2 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасына кесілді. Сондай-ақ оған 3 жыл бойы материалдық жауапкершілікке байланысты лауазымдарды атқаруға тыйым салынды.
Прокуратураның мәліметінше, жымқырылған 9 миллион теңгеден астам қаражат толық көлемде бюджетке қайтарылды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:46, 18 маусым 2026
Елена Рыбакина Берлиндегі турнирді екінші айналымда аяқтады
-
22:15, 18 маусым 2026
Моңғолиядағы Grand Slam: қазақстандық дзюдошылардың алғашқы қарсыластары анықталды
-
21:45, 18 маусым 2026
Қазақстан және Ресей шекарасында 360-тан астам жүк көлігі кептеліп тұр
-
21:05, 18 маусым 2026
20 маусымда ЖОО қабылдау комиссиялары жұмысын бастайды: нені білу керек
-
20:46, 18 маусым 2026
АҚШ және Иран келісімі: Тоқаев Пәкістан премьер-министріне хат жолдады





