Алматыда ер адам 11-қабаттан секіріп кетті
© Фото: primeminister.kz
Алматы қаласының Бостандық ауданында қайғылы оқиға орын алды. 37 жастағы ер адам көпқабатты тұрғын үйдің 11-қабатынан құлап, көз жұмды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, оқиға тұрғын үй кешендерінің бірінде болған.
"37 жастағы ер адам өз пәтерінің терезесінен 11-қабаттан секіріп кеткен. Оны алғаш болып тұрғын үй кешенінің күзетшісі байқап, дереу жедел қызметтерді шақырып, алғашқы көмек көрсетуге тырысқан. Оқиға орнына жедел жәрдем бригадасы мен полиция қызметкерлері келді", – деп хабарлады ведомство.
Зардап шеккен азамат шұғыл түрде ауруханаға жеткізілген. Алайда дәрігерлердің барлық күш-жігеріне қарамастан, ол есін жимастан қайтыс болды.
Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталып жатыр.
Айта кетейік, бұған дейін Алматы полициясы суицидтің алдын алу фактісі туралы хабарлаған болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
15:42, 19 маусым 2026
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Яков Милатович бірлескен мәлімдеме жасады
-
15:39, 19 маусым 2026
19 маусымдағы сауда қорытындысы бойынша доллар қымбаттады
-
15:23, 19 маусым 2026
Қырғызстанның алғашқы президенті Жапаровқа тағы бір мерзім беруді ұсынды
-
15:16, 19 маусым 2026
Алматыда Момышұлы көшесінде LRT құрылысына байланысты қозғалысқа уақытша шектеу енгізіледі
-
15:06, 19 маусым 2026
Қызыл кітапқа енген балықтарды аулаған: ШҚО-да браконьерлер тобының жолы кесілді





