Әр елдің салты басқа

09:41, 16 ақпан 2017

Шешендер – мұсылмандар, шешен халқының салт-дәстүрі кез-келген мұсылман халықтардың дәстүріндей өзіндік ерекше. Ең басты дәстүр – еркіндік. Кез келген жағдайда да шешендер ең алдымен еркіндік, бостандықты қалайды. Екінші орынға шешендердің жомарттығын қоюға болады. Ол тәкаппарлықпен үйлеседі. Шешендер қонақжайлықты өздерінде де басқа адамдардың бойында да құрметтейді. Әйел адамдарға, қарт адамдарға ерекше сый-құрмет көрсетілген. Отбасы салтында ұл бала әкесінің кез келген өтінішін орындауға тиісті. Отқа түсуге дайын болуы керек.

  Яхь - бұл қайырымдылық, мейірбандық жарысы. Бұл үнемі алдыңғы қатарда болу дегенді білдіреді. Өмірдің түрлі жағдайларында ішкі дүниесін өзгертпеу басты нәрсе болып табылады. «Мейірбан, қайырымды ер азаматқа барлық жерде есік ашық». "Яхь йолуш кант" (қайырымды, мейірбан азамат) — бұл біздің батырлар деп айтқан. Қазіргі кезде яхь ұлттық салт-дәстүрін ұстану дегенді білдіреді.

  Шешендер қонақжайлықты ерекше құрметтейтін халық. Отбасында бала тәрбиесін ең бірінші орынға қойған. Олардың ең басты маңызды дәстүрлері осылар. Яғни, ата-анасын құрметтеу, оларға жол беру, жолын кеспеу, сөзін бөлмеу, үлкендердің сөзіне араласпау, олардан бұрын сөйлеп, сөздерін бөлмеу керек. Тіпті, шешен халқында күйеу баланың қайын енесімен және қайын атасымен қатынаспайтын дәстүрі бар, ол тіпті оларды өмірінде көрмеуі мүмкін. Бір-бірімен сыйластық оларда солай өрбиді. Дастархан басында кішілер тамақ ішу кезінде әкелеріне, үлкен ағаларына міндетті түрде қызмет көрсетуі керек.


  Тығыз орналасқандықтан қазақстандық шешендер кавказдық өмір салтын сақтап қалды. Бұл әсіресе мерекелерде байқалады, жастар ұлттық киімдерін киіп, дәстүрлі билерін билейді, ал тойларда үстелге отырмай, жайылған дастархан басына жиналады. Дәстүрлі шешен тағамы қазақтың бесбармағына көбірек ұқсайды – бұл сорпада пісірілген қамыр, үлкен табақта етпен тартылады.

 Ерлердің ұлттық киімі — газырлы черкеск деп аталады, салтанатты жағдайлар мен әскери уақытта киюге арналған. Әйелдердің киімі салтанатты жағдайларда киетін, күнделікті, арнайы және қаралы күндері киетін киімдерден тұрған. Мерекеге және үйлену тойына киілетін киім «чуки» деп аталады өте қымбат, алтын және күміс жіптермен тігіледі.

 Дереккөз: anabol.kz

 


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!