Түркістан облысында зейнатақысын алуға барған кейуана ақшасы мен әшекейлерін жоғалтып алды
© Сурет: polisia.kz
Түркістан облысы Ордабасы ауданында 81 жастағы әжей ішінде 150 мың теңгеге жуық ақшасы мен құны шамамен 1,5 млн теңгенің алтын әшекейлері болған әмиянын жоғалтып алып, полициядан көмек сұрады, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Белгілі болғандай, зейнетақысын терминалдан шешіп алған қарт ана ақшасын әмиянына салып, көше бойындағы орындықта біраз тынығып отырған. Кейін базарға азық-түлік алуға барған кезде әмиянының жоғын байқайды. Мұндай жағдайда ең алдымен полицияға жүгінген әжей Ордабасы аудандық полиция бөліміне хабарласқан.
Аталған жайт бойынша учаскелік полиция инспекторы Жандос Сапаралы мән-жайды мұқият анықтап, бірден бейнебақылау камераларының жазбаларын тексеруге кіріскен.
Нәтижесінде көше бойындағы орындық маңында әмиянның түсіп қалғаны және оны белгісіз ер адамның алып кеткені анықталды. Жедел іздестіру шараларының нәтижесінде учаскелік инспектор күдіктінің жеке басын анықтап, оны көршілес ауданнан тауып, әжеймен жолықтырды.
Осылайша полиция қызметкерінің жедел әрекетінің арқасында қарт ананың ақшасы мен алтын бұйымдары толықтай қайтарылды. Аталған оқиға полиция қызметкерінің бейнежетонына тіркелген.
Риза болған әжей тәртіп сақшысына аналық алғысын білдіріп, ақ батасын берді.
Айта кетейік, учаскелік полиция инспекторы бұған дейін де базар аумағында жоғалған ақша мен құнды заттарды тауып, тұрғындарға бірнеше рет көмектескен.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
21:35, 8 мамыр 2026
Астанадағы ірі даңғылдардың бірінде 8-25 мамыр аралығында қозғалыс шектеледі
-
21:10, 8 мамыр 2026
Екібастұзда жүргізуші автокөлігіне картоннан нөмір жасап алған
-
20:52, 8 мамыр 2026
Шымкентте есірткіні жарнамалайтын граффити жазбалардың авторы қылмыс үстінде ұсталды
-
20:22, 8 мамыр 2026
Талғат Орынбасар: Алтын медаль алғым келді, бірақ бұйырмады
-
20:09, 8 мамыр 2026
Тоқаев Адам құқықтары жөніндегі комиссия құрамын жаңарту туралы жарлыққа қол қойды





