Тоқаев Адам құқықтары жөніндегі комиссия құрамын жаңарту туралы жарлыққа қол қойды

20:09, 8 мамыр 2026

© Фото: Zakon.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Адам құқықтары жөніндегі комиссия құрамын жаңарту туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 19 наурыздағы № 1042 "Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия туралы" Жарлығына өзгеріс енгізді.

"1. "Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 19 наурыздағы № 1042 Жарлығына мынадай өзгеріс енгізілсін:

жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның құрамы осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі", - делінген құжатта.

Еске салайық, бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Түркия арасындағы әскери транзит туралы заңға қол қойған еді.

Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия арасындағы стратегиялық әріптестік туралы заңға қол қойғанын хабарлағанбыз.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!