Бублик Рим «Мастерс» турнирінің екінші айналымында қарсыласын ойсырата ұтты

22:05, 8 мамыр 2026

© Сурет: ktf.kz

Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик (АТР рейтингінде 11-орын) Римде өтіп жатқан ATP Masters 1000 сериясының турнирін сәтті бастады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жекелей сынның екінші айналымында отандасымыз Аргентина өкілі Себастьян Баэске (65 АТР) еш мүмкіндік қалдырмады.

Кездесу небәрі 59 минутқа созылды. Осы уақыт ішінде Бублик қарсыласына тек үш геймде ғана есе жіберіп, матчты 6:1, 6:2 есебімен тас-талқан етіп аяқтады. Ойынның жоғары қарқыны мен соққыларының тұрақтылығы Александрға келесі кезеңге еш қиындықсыз өтуге мүмкіндік берді.

Рим турнирінің үшінші айналымында Бублик АҚШ өкілі Лёрнер Тьенмен кездеседі. 20 жастағы америкалық теннисші қазіргі уақытта әлемдік рейтингте 21-ші сатыда тұр.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!