Талғат Орынбасар: Алтын медаль алғым келді, бірақ бұйырмады
© Сурет: olympic.kz
Дзюдодан Қазақстан құрамасының өкілі Талғат Орынбасар Астанада өтіп жатқан Grand Slam турнирінде күміс медальге ие болды. Отандасымыз жарыстан кейін берген сұхбат берді, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Биыл бар күш-жігерімді салып, дайындалып, алтын медаль алғым келді. Бірақ, өкінішке қарай, бұйырмады.
Мұнымен тоқтап қалмаймыз. Әрі қарай еңбектеніп, алтын аламын деген үміт бар.
Жартылай финалда даңқты балуанмен кездестім. Бірақ, барша қазақ елі қолдау көрсеткеннен кейін, қатты мән бермедім. Финалға шығу үшін тактикалық тұрғыда жан-жақты дайындалдық.
Финалда қарсыласымның сол қолының жеңінен ұстауым керек еді. Сол тұста қателік жіберіп, жеңіліп қалдым. Енді оқу-жаттығу жиындарында белдесудің бейнежазбасын қайта қарап, саралап, кемшіліктермен жұмыс істейміз. Ұтамыз деген үміттемін.
Алда қай жарыста белдесетінімді бапкерлер штабы шешеді", – деді дзюдошы.
Айта кетейік, Талғат Орынбасар (60 келіге дейін) 2025 жылы елордада өткен Grand Slam турнирінде де күміс алған еді.
Жарыс күнінің қорытындысы бойынша ұлттық құрама еншісінде екі медаль бар. 60 келіге дейінгі салмақта Шерзод Давлатов қола медаль иеленген еді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
21:10, 8 мамыр 2026
Екібастұзда жүргізуші автокөлігіне картоннан нөмір жасап алған
-
20:52, 8 мамыр 2026
Шымкентте есірткіні жарнамалайтын граффити жазбалардың авторы қылмыс үстінде ұсталды
-
20:40, 8 мамыр 2026
Түркістан облысында зейнатақысын алуға барған кейуана ақшасы мен әшекейлерін жоғалтып алды
-
20:09, 8 мамыр 2026
Тоқаев Адам құқықтары жөніндегі комиссия құрамын жаңарту туралы жарлыққа қол қойды
-
19:57, 8 мамыр 2026
Президент Қазақстан мен Түркия арасындағы әскери транзит туралы заңға қол қойды





