Бүгін еліміздің екі қаласында ауа сапасы нашарлайтыны болжанады

09:08, 9 мамыр 2026

© Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев

Синоптиктер Қазақстан аумағы бойынша 2026 жылғы 9 мамырға арналған синоптикалық жағдай мен қауіпті метеожағдайларға қатысты болжаммен бөлісті. Оған сәйкес, бүгін еліміздің екі қаласында ауа сапасы нашарлайды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"9 мамырда Алматы және Талдықорған қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі", делінген синоптиктер хабарламасында.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Бұған дейін синоптиктер 9 мамырда еліміздің кей өңірлерінде аптап ыстық болатынын болжаған.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!