Энергия туралы қызықты фактілер
10:03, 19 желтоқсан 2016
Оқырмандарға электр энергиясы туралы қызғылықты фактілерді ұсынамыз.
- Электр лампасындағы энергияның 10 пайызы ғана жарық шығаруға жұмсалады. Қалған 90 пайыз энергия жылу шығаруға кетеді.
- АҚШ-тағы тоңазытқыштардың пайдаланатын электр энергиясы елдегі 25 ірі электр стансаларының шығаратын энергиясына тең.
- Күн жарығының энергиясы бүкіл адамзат баласының қажеттіліктерін қамтамасыз етуге жетеді.
- Әлемде пайдаланылатын энергияның 3/4 бөлігі пайдалы қазбаларды жағудан пайда болады.
- 2030 жылға дейін әлем халқы пайдаланатын энергияның мөлшері қазіргімен салыстырғанда 55 пайызға өседі деп болжанып отыр.
- Осыдан 5000 жыл бұрын адам баласының қалыпты өмір сүру үшін күніне 12 000 ккал қажет болатын. Қазіргі заманда қалыпты адамның өмір сүруі үшін күніне 230 000 килокалория энергия қажет.
- Әлем бойынша пайдаланылатын энергияның 0.013%-ы Google компаниясысына тиесілі. Бұл энергия көлемі 200 мың үйді үздіксіз қамтамасыз етіп отыруға жетеді.
- АҚШ елге керекті энергияның жартысын көмір жағып алады. Жалпы алғанда, әлемде пайдаланылатын энергияның 2/5-і көмірден алынады.
- Әлемдегі ең үлкен гидроэлектростанция Қытайдағы Үш Бөгет болып табылады. Бұл алып станция миллиондаған қытайлық тұрғынды энергиямен қамтамасыз етеді.
- Желден алынатын энергия әлемдік айналымның 1,3%-ын құрайды. Жер бетіндегі ең алып жел станциясы АҚШ-тағы Техас штатында орналасқан.
- Электр энергиясын ең көп тұтынатын ауруханалар АҚШ-та деп есептеледі.
- Атмосфераның ең басты жауы көмір болып есептеледі. Мысалы Америкадағы көмір жағудан бөлінетін CO2 газы, жер бетіндегі бүкіл көліктердің шығаратын газынан әлдеқайда көп.
- Әлем бойынша пайдаланылатын бензиннің жартысын АҚШ тұтынады.
- Әлемдік фактілер кітабына сүйенсек, мұнай 2052 жылға дейін таусылып болады. Ал газ 2065 жылға дейін жетеді.
Дереккөз: massaget.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:26, 12 ақпан 2026
Booking платформасы әлемдегі ең қонақжай қалалардың тізімін жасады
-
14:33, 21 қаңтар 2026
Дене салмағының қалыпты деңгейі қатерлі ісік қаупін азайтады - дәрігер кеңесі
-
12:06, 20 қаңтар 2026
Археологтар 40 мың жыл бұрынғы құпия үңгірді тапты
-
13:42, 16 қаңтар 2026
Үнді мұхитынан жыланның жаңа түрі табылды
-
12:25, 15 қаңтар 2026
Лох-Несс құбыжығын іздеген зерттеуші 52 жылдық ізденістен кейін мәлімдеме жасады





