Қазақстандық жеңілатлеттер Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды
© Сурет: olympic.kz
Қытайдың Шаосин қаласында өтіп жатқан эстафеталық жүгіруден Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы алғашқы алтын медалін жеңіп алды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қазақстандық спортшылар 4×400 метрлік аралас эстафетада чемпион атанды. Құрамында Эльнор Мұхитдинов, Мария Шувалова, Андрей Соколов және Аделина Земс өнер көрсеткен команда мәреге 3:16.75 уақыт көрсеткішімен бірінші болып жетті.
Күміс жүлдені Үндістан құрамасы (3:17.06) иеленсе, Қытай спортшылары 3:17.20 нәтижесімен қола медальға қол жеткізді.
Эстафеталық жүгіруден Азия чемпионаты 21 маусымда аяқталады. Қазақстан ерлер және әйелдер арасындағы 4×400 метрлік эстафета жарыстарында да бақ сынайды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
19:11, 20 маусым 2026
21 маусымда қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды
-
19:07, 20 маусым 2026
Қазақстанның бес боксшысы Қытайдағы әлем кубогы кезеңінің финалына шықты
-
18:08, 20 маусым 2026
Карен Хачанов Almaty Open 2026 турниріне қатысады
-
17:53, 20 маусым 2026
Ақтөбе облысында әйел мен екі баланың қазасынан кейін жанармай құю бекетінің иесі ұсталды
-
17:42, 20 маусым 2026
Қазақстандық шпагашы Руслан Құрбанов Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды





