42 градус аптап ыстық, нөсер жаңбыр мен бұршақ: 21 маусымда ауа райы қандай болады
© Фото: unsplash
"Қазгидромет" 2026 жылғы 21 маусымға арналған Қазақстан аумағындағы жалпы ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Синоптиктердің мәліметінше, жексенбі күні еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, кей өңірлерде бұршақ түсуі мүмкін. Батыс аймақтарда нөсер жаңбыр күтіледі. Сонымен қатар батыс пен солтүстік-батыста екпінді жел соғады.
Республика бойынша жел күшейеді. Солтүстік өңірлерде түнгі және таңғы уақытта тұман түсуі ықтимал.
Күндіз Атырау, Ақтөбе, Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Қызылорда облыстарында, сондай-ақ Абай, Жетісу, Ұлытау облыстарында, Қарағанды облысының батысы мен оңтүстігінде, Алматы облысының солтүстігінде аптап ыстық болып, ауа температурасы +35...+38 градусқа дейін көтеріледі. Қызылорда облысында +40...+42 градус, Маңғыстау облысында +38...+42 градус ыстық болады.
Қостанай және Ақтөбе облыстарының оңтүстігінде, Ұлытау облысының батысы мен оңтүстігінде күндіз аптап ыстық +40...+41 градусқа дейін жетеді.
Атырау, Шығыс Қазақстан, Маңғыстау облыстарында, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, Ақтөбе облысының батысы, оңтүстік-шығысы мен оңтүстігінде, Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында, Қарағанды облысының солтүстігі мен оңтүстігінде, Ұлытау облысының батысында, Абай облысының солтүстігі мен шығысында, Ақмола облысының орталығында, Алматы облысының батысы мен оңтүстігінде, Жамбыл облысының солтүстігі, оңтүстігі және шығысында, Жетісу облысының орталығы, солтүстігі мен оңтүстігінде өрт қаупінің жоғары деңгейі сақталады.
Ал Қызылорда облысында, Қостанай облысының оңтүстігі мен оңтүстік-батысында, Ақмола облысының шығысында, Павлодар облысының солтүстігі мен шығысында, Қарағанды облысының батысы, шығысы және орталығында, Ұлытау облысының шығысы мен оңтүстігінде, Абай облысының батысы, солтүстік-шығысы және оңтүстігінде, Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-батысы, оңтүстігі мен орталығында, Түркістан облысының батысы мен орталығында, Жамбыл облысының солтүстігі мен оңтүстігінде, Алматы облысының солтүстігінде, Жетісу облысының шығысы мен батысында төтенше өрт қаупі күтіледі.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
19:11, 20 маусым 2026
21 маусымда қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды
-
19:07, 20 маусым 2026
Қазақстанның бес боксшысы Қытайдағы әлем кубогы кезеңінің финалына шықты
-
18:08, 20 маусым 2026
Карен Хачанов Almaty Open 2026 турниріне қатысады
-
18:00, 20 маусым 2026
Қазақстандық жеңілатлеттер Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды
-
17:53, 20 маусым 2026
Ақтөбе облысында әйел мен екі баланың қазасынан кейін жанармай құю бекетінің иесі ұсталды





