Ақтөбе облысында әйел мен екі баланың қазасынан кейін жанармай құю бекетінің иесі ұсталды

17:53, 20 маусым 2026

© Фото: Zakon.kz

Ақтөбе облысында автогаз құю станциясында автокөліктің өртенуінен кейін полиция қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Аталған дерек Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 281-бабы – "Жарылыс қаупі бар нысандардағы қауіпсіздік қағидаларын бұзу" бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, автогаз құю станциясының иесі ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қазіргі уақытта оқиғаның себептері мен барлық мән-жайын анықтау мақсатында жан-жақты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Істің тергелуі Ақтөбе облысы полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауына алынған.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!