Карен Хачанов Almaty Open 2026 турниріне қатысады
© Сурет: ktf.kz
Әлемнің 18-ракеткасы, ресейлік теннисші Карен Хачанов 2026 жылғы 17-25 қазан аралығында Алматыда өтетін ATP 250 санатындағы Almaty Open турниріне қатысатынын растады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Хачанов бірнеше жылдан бері Алматыдағы турнирге тұрақты түрде қатысып келеді. 2024 жылы теннисші Almaty Open турнирінің чемпионы атанған болатын.
Жалпы Кареннің еншісінде ATP аясындағы жекелей сында 7, ал жұптық сында 1 чемпиондық атақ бар.
ATP 250 санатындағы Almaty Open турнирі дәстүрлі түрде мықты қатысушылар құрамын жинап, Қазақстан ғана емес, өзге елдердегі теннис жанкүйерлерінің де қызығушылығын тудырады. Турнир ATP-дің ресми күнтізбесіне енген және күз мезгіліндегі басты спорттық оқиғалардың бірі саналады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
19:11, 20 маусым 2026
21 маусымда қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды
-
19:07, 20 маусым 2026
Қазақстанның бес боксшысы Қытайдағы әлем кубогы кезеңінің финалына шықты
-
18:00, 20 маусым 2026
Қазақстандық жеңілатлеттер Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды
-
17:53, 20 маусым 2026
Ақтөбе облысында әйел мен екі баланың қазасынан кейін жанармай құю бекетінің иесі ұсталды
-
17:42, 20 маусым 2026
Қазақстандық шпагашы Руслан Құрбанов Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды





