Ринат Казаченко жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында күміс жүлдеге ие болды
© Фото: zakon.kz
Германияның Зуль қаласында өтіп жатқан оқ атудан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы алғашқы медалін жеңіп алды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Әлем біріншілігінің күміс жүлдегері атанған Ринат Казаченко Қазақстан қоржынына алғашқы жүлдені салды.
Қазақстандық мерген 50 метр қашықтықтан шағын калибрлі винтовкамен үш қалыпта ату бағдарламасында екінші нәтиже көрсетті. Финалда ол 355,2 ұпай жинады.
Алтын медальді Рохит Каньян жеңіп алды — 355,9 ұпай. Үздік үштікті Патрик Энтнер түйіндеді — 344,0 ұпай.
Айта кетейік, бұл Қазақстан құрамасының осы жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатындағы алғашқы жүлдесі болды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:46, 20 маусым 2026
Қарағанды облысында фестиваль қатысушыларының бірінің денсаулығы кенеттен сыр берді
-
16:02, 20 маусым 2026
Таразда тергеу мекемесіне жасырын камера орнатылған көзілдірік кіргізбек болғандар ұсталды
-
15:41, 20 маусым 2026
Астанада құрылыс компаниясы басшысынан ақша бопсалаған күдіктілер ұсталды
-
15:41, 20 маусым 2026
Астанада құрылыс компанияларының бірінің басшысынан ақша бопсалаған күдіктілер ұсталды
-
15:30, 20 маусым 2026
Алаяқтық жасады деген күдікпен халықаралық іздеуде жүрген ер адам Түркиядан депортацияланды





