Әлемдегі ядролық қаруы бар ең қуатты 5 ел
Ядролық қару – адамзаттың қас жауы. Бейбіт күнде өмір сүріп жатқан адамдар үшін бұл қарудың ауыртпалығы үлкен. Түскен жерінде бір шөп, бір қыл өсірмейтін, тіршілік көзін жойып жіберетін қарудан қазір әлем үрейленіп отыр. Сонымен үрей тудыруға әкелген қаруды әлі күнге дейін пайдаланатын және өндіріп жатқан елдер бар. Тіпті олардың алдыңғы бестігі сол қаруымен әлемді алақанда ұстап отыр.
Франция
Өзінің алғашқы ядролық қаруын 1960 жылы сынады. Содан бері елдің ядролық қаруға деген ынтасы бар. Тіпті бас тартуға ниетті емес. Кейбір дерек көздеріне қарағанда аталған елде ядролық қару ретінде саналатын 290 жуық атқылаушы бомбы бар.
Ұлыбритания
Ұлыбритания өзінің суық қаруын ең бірінші болып 1952 жылы сынап көрді. Алғашқы сынақтан өткен ядролық қару «Ураган» деп аталатын жоба негізінде жүзеге асқан. Дәл қазіргі кезде олардың саны – 250.
Қытай
1964 жыл ең бірінші рет Қытай елінің ядролық қару сынақтан өтті. БАҚ беттеріндегі мәліметтер мен қарулы күштерінің беретін есебіндегі ядролық қарулардың саны өте аз деп болжайды сарапшылар. Олардың ядролық қару жасаудан АҚШ елін басып озары анық деп күтіліп отыр.
АҚШ
Әлемдегі ең қуатты әскери техника және ең қуатты әскермен жабдықталған АҚШ жерінде 7500 ядролық қару түрі бар.
Ресей
Әлемде бірінші орында тұрған, ең алпауыт әрі ең қуатты, ең қауіпті ел бұл – Ресей. Аталған ел өзінің ядролық қаруын ең бірінші болып 1949 жылы сынақтан өткізді. Естеріңізге сала кетейік, бұл сынақтардың көбі Қазақстан даласында жүзеге асқан. Олардың ядролық қару саны – 8500. Ал Ресей мен АҚШ елінің ядролық қаруды күшейтіп дамытуы екі жақ бір-біріне қыр көрсетуімен суреттеледі.
Біздің еліміз ядролық қарудан бас тартып қана қоймай, оны қайта пайдаланудан түбегейлі қол үзген ел ретінде әлемге танымал.
Дереккөз: massaget.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
23:22, 14 қараша 2024
Дүкен сөрелеріндегі сүт өнімдері: сапа мен қауіпсіздік туралы не білу керек
-
15:00, 14 қараша 2024
Сусын ішпес бұрын, алдымен онымен «танысыңыз» - сарапшылар кеңесі
-
20:39, 11 қараша 2024
Абайлаңыз, кеспе! Корей және қытай тағам өндірушілерінің өнімдерін қалай дұрыс таңдауға болады?
-
14:11, 8 қараша 2024
Биыл планетадағы ауа температурасы 1,5 градусқа жоғарылаған
-
09:48, 1 қараша 2024
Ұйқының оңтайлы уақыты анықталды