Тоқаев Үндістан премьер-министріне көңіл айту жеделхатын жолдады

22:40, 14 мамыр 2026

© Сурет: zakon.kz

Мемлекет басшысы Үндістан Премьер-министріне көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Президент Үндістанның Уттар-Прадеш штатында орын алған қатты дауыл мен нөсердің салдарынан көптеген адамның опат болуына байланысты Нарендра Модиге көңіл айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев қаза тапқандардың жақындарының қайғысына ортақтасып, зардап шеккен азаматтардың тезірек сауығып кетуіне тілектес екенін жеткізді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!