Қазақстан цифрлық ел болуды көздеп отыр - Тоқаев
© Сурет: zakon.kz
Президент еліміздің цифрландыру және ЖИ саласындағы стратегиялық бағдарын баяндады
"Қазақстан цифрлық ел болуды көздеп отыр. Бұл – еліміздің алдында тұрған стратегиялық мақсат.
Осы жыл Қазақстанда "Цифрландыру және жасанды интеллект жылы" деп жарияланды.
Астанада Alem.ai жасанды интеллект орталығы ашылды. Сондай-ақ біз екі суперкомпьютерді іске қостық. Келесі қадам – "Деректерді өңдеу орталықтарының алқабын" құру.
Бұл жоба аймақ елдеріне жетекші технологиялық компаниялар мен жаһандық цифрлық капиталды тартуға зор мүмкіндік бермек.
Біз Қазақстанды аймақтық хаб ретінде дамыту үшін көші-қон үдерісін оңтайландыра бастадық.
Шетелден келген кәсіпкерлерге, инвесторларға, білікті мамандарға арналған "Алтын визаны" енгіздік. Мұндай виза алған адамдар мемлекеттік және қаржылық қызметтерге Қазақстан азаматтарымен тең дәрежеде қол жеткізе алады.
Сонымен қатар елімізде Цифрлық кодекс қабылданды, Жасанды интеллект туралы заң күшіне енді.
Біз білім саласындағы цифрлық инфрақұрылымды дамыту және озық технологияны меңгерген педагогтерді даярлау мәселесіне, білім беру жүйесін әр оқушының қабілетіне сай бейімдеу, олардың дербес деректерін қорғау ісіне ерекше мән беріп отырмыз.
Осы мақсатпен мен жақында Жасанды интеллектіні орта білім беру жүйесіне енгізу туралы Жарлыққа қол қойдым. Бұл да Қазақстанның болашағы үшін жасалған өте маңызды қадам деп айтуға болады.
Алдағы уақытта еліміздің цифрлық даму бағдарын айқындайтын Digital Qazaqstan стратегиясы бекітіледі.
Таяуда Алматы қаласында Тұрақты дамуға ықпал ететін цифрлық шешімдер орталығы ашылды. Бұл бастама Біріккен Ұлттар Ұйымының аймақтық экономикалық және әлеуметтік комиссиясының қолдауымен жүзеге асырылады.
Қазақстанға тілектестік танытып, осы жобаның тең авторлары ретінде бұл жұмысқа мол үлес қосқандарыңыз үшін Сіздерге алғыс айтамын.
Сонымен қатар наурыз айында Түркі кеңесі сарапшыларының қатысуымен Шымкент қаласында "Жасанды интеллект және цифрлық даму" халықаралық конференциясы өтті.
Бұл іс-шара елдеріміздің осы саладағы ынтымақтастығы мен мүдделестігін айқын көрсетті".
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
18:30, 15 мамыр 2026
16 мамырдан бастап Алматыда үш автобус бағытының қозғалыс сызбасы өзгереді
-
18:20, 15 мамыр 2026
Қазақстандық боксшылар U15 санатындағы Азия чемпионатында 24 медаль жеңіп алды
-
17:45, 15 мамыр 2026
16 және 17 мамырдағы демалыс күндеріне арналған валюта бағамдары
-
17:36, 15 мамыр 2026
«Түркі тілдеріне ортақ терминологиялық негіз қалыптастыру қажет» - Тоқаев
-
17:32, 15 мамыр 2026
Тоқаев ТМҰ аясында бірлесе іске асыруға болатын бірқатар ұсынысты ортаға салды





