Атақты профессор Владимир Радостовецтің туғанына 100 жыл толды
© Сурет: Радостовецтің отбасының мұрағатынан
2026 жылғы 16 мамырда көрнекті ғалым, Қазақстанда бухгалтерлік есеп мектебін қалыптастырған профессор Владимир Радостовецтің туғанына 100 жыл толады. Ол көптеген экономистер буынын тәрбиелеп, отандық ғылым тарихында ерекше із қалдырған тұлға, деп хабарлайды Zakon.kz.
Экономикалық мектептің негізін қалаған профессор
Владимир Радостовецті Қазақстандағы экономикалық ғылыми мектептің негізін қалаушылардың бірі деп атайды. Оның есімі Алматы қаласындағы бір көшеге және елдің жетекші жоғары оқу орындарындағы аудиторияларға берілген.
Оның еңбектерінің арқасында бухгалтер мамандығы нарықтық экономикаға көшкенге дейін-ақ беделді салаға айналды. Радостовецтің оқулықтары мен кітаптарымен Қазақстанда ғана емес, бүкіл бұрынғы Кеңес Одағында бірнеше буын экономистер тәрбиеленді. Оның шәкірттері кейіннен белгілі ғалымдарға, саясаткерлерге және ірі компания басшыларына айналды.
Бухгалтерден профессорға дейінгі ерекше жол
Владимир Радостовецтің өмір жолы ерекше. Жастық шағында ол орта білімді уақытында ала алмаған. Алайда "жылымық" жылдары бұл олқылықтың орнын тез толтырды, небәрі бес жылда мектепті аяқтап, Мәскеудегі қаржы-экономикалық институттын үздік бітірген. Сол уақытта ол бухгалтер болып жұмыс істеп, практикалық тәжірибе жинаған.
1971 жылы ол докторлық диссертациясын қорғап, профессор атанды. Осылайша оның тоғыз сыныптық білімі мен ғылым докторы дәрежесіне дейінгі жолы небәрі 18 жылда жүзеге асты.
Нархоз университетінің дамуына қосқан үлесі
Радостовец өмірінің көп бөлігін қазіргі "Нархоз" университетімен, бұрынғы Алматы халық шаруашылығы институтымен байланыстырды. Ол бухгалтерлік есеп кафедрасын басқарды, факультет деканы болды және университеттің дамуына қиын кезеңдерде үлкен үлес қосты.
Сол кезде оқу орнында оқулықтар мен кадрлар тапшы еді. Бұл мәселені ол өз еңбектері арқылы шешті. Ғалым өмір бойы 390-нан астам ғылыми еңбек пен оқу құралын жазды, олардың жалпы көлемі шамамен 30 мың бетке жетеді. Көпшілігі қазақ тіліне аударылып, шетелдерде де қолданылды.

Сурет: Радостовецтің отбасының мұрағатынан
Мыңдаған шәкірт тәрбиелеген ұстаз
Владимир Радостовец тек ғалым емес, сонымен қатар ерекше педагог болды. Оның нақты өмірден алынған мысалдарға негізделген дәрістері студенттер арасында үлкен қызығушылық тудырды.
Ол 52 ғылым кандидатын және 6 экономика ғылымдарының докторын дайындады. Сонымен қатар Алматыда диссертациялық кеңес ашуға қол жеткізді. Ол кезде бұл бүкіл Орталық Азиядағы жалғыз кеңес болатын.
Аудиттің дамуына үлес қосқан реформатор
Кеңес дәуірінің өзінде-ақ Радостовец аудитті дамыту қажеттігін айтып, нарықтық экономикаға мамандар дайындау идеясын көтерді. Кейін ол Қазақстан Аудиторлар палатасының негізін қалаушылардың бірі болды және бүгінге дейін жұмыс істеп келе жатқан "Центраудит-Казахстан" компаниясын құрды.
1990-жылдары көптеген оқытушылар елден кетіп жатқанда, ол керісінше, дәріс оқуды жалғастырып, тәуелсіз Қазақстанның экономикалық заңнамасын әзірлеуге қатысты.
"Махаббат, музыка және бухгалтерлік есеп – мәңгі"
Әріптестері мен шәкірттері оны ерекше оптимизм иесі, харизмалы әрі өмірге құштар адам ретінде еске алады. Оның әйгілі сөзі – "Махаббат, музыка және бухгалтерлік есеп – мәңгі!" – бірнеше буын экономистердің ұранына айналды.
Ғалымның 100 жылдығына орай оның өмірі туралы деректі фильм түсірілді. Премьерасы 16 мамырда, туған күніне орай көрсетіледі.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:37, 15 мамыр 2026
Қазақстанда көкжөтелмен сырқаттану деңгейі 2,8 есеге төмендеді
-
16:25, 15 мамыр 2026
СҚО-да интернет-алаяқтықтың алдын алудың жаңа тәсілі енгізілуде
-
16:14, 15 мамыр 2026
Алматыда жасанды интеллект негізіндегі «ақылды» жылумен жабдықтау жүйесі енгізіледі
-
16:06, 15 мамыр 2026
Қызметінен босатылған вице-министр Ербол Тасжүреков жаңа қызметке тағайындалды
-
15:58, 15 мамыр 2026
Доллар бағамы сауда-саттықта 4 теңгеге жуық арзандады





