Қазақстан қылыштасудан Мысырдағы Әлем кубогы кезеңінде бақ сынайды

20:38, 14 мамыр 2026

© Сурет: olympic.kz

Қазақстанның ерлер құрамасы қылыштасудан Мысыр астанасы Каирде өтетін Әлем кубогы кезеңіне қатысады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Халықаралық жарыста ел намысын төмендегі спортшылар қорғайды:

  • Бексұлтан Әбжал
  • Қуаныш Ерғашбай
  • Жанат Нәбиев
  • Қайназар Нұрқатұлы
  • Нұрсат Айтмырза
  • Артем Саркисян
  • Сұлтан Станбек
  • Нұрмұхаммед Жайлыбай
  • Артур Чупраков
  • Назарбай Саттархан

Әлем кубогының кезеңі 22-23 мамыр күндері өтеді.

Айта кетейік, Нұрмұхаммед Жайлыбай биыл сәуір айында Бразилияда өткен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында қола жүлдеге ие болған еді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!