Сот «Қазақавтодор» РМК бас директорын үш жылға бас бостандығынан айырды

13:47, 16 наурыз 2018

Алматы. 16 наурыз. 7kun.kz – Астанада есеп комитетінің аудиторларына пара берді деген айып тағылған «Қазақавтодор» РМК-ның бұрынғы бас директоры Серікжан Мұқашевке қатысты, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс бойынша шешім шықты, деп хабарлайды Today.kz.

«Оларды Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 55-бабының 4, 6 тармақтарына сәйкес «Осы қылмыстық құқық бұзушылық үшін қарастырылғаннан гөрі жеңілдетілген жаза тағайындау» бойынша айыпты деп тану. Мұқашев мемлекеттік қызметте, өзін-өзі басқару органдарында және мемлекеттің үлесі 50 пайыздан асатын жарғылық капиталда, оның ішінде акционері мемлекет және олардың еншілес ұйымдары болып есептелетін ұлттық холдингтерде, компанияларда, даму институттарында лауазымды жұмыс істеуіне шектеу қоя отырып, 3 жыл бас бостандығынан айырылады», – деп судья үкімін жария етті.

«Қазақавтодор» РМК бас директорының бұрынғы орынбасары Ернұр Шәмішев, мемлекеттік сатып алу департаментінің бұрынғы басшысы Кирилл Ажигулов, сондай-ақ Қарағанды ​​облыстық филиалының директоры Ғаділ Мұқановты сот мемлекеттік қызметте жұмыс істеуге өмір бойы тыйым сала отырып, екі жылға бас бостандығынан айырды. Сотталушылар мерзімін орта қауіпсіздік колониясында өтейді.

Бөлімнің бұрынғы басшысы Бақытжан Елемесовты сот бес жылға бас бостандығынан айырды.

Үкім қабылданғаннан кейін, Серікжан Мұқашев жазамен келіспейтінін айтып, оған қарсы шағымдануға ниетті екенін мәлімдеді.

«Мен сот шешіміне қарсы шағым айтамын. Бұны әділетсіз шешім деп санаймын», – дейді сотталушы.

Естеріңізге сала кетейік, Серікжан Мұқашев Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің аудиторлары Ботагөз Копобаева мен Алмагүл Жәңгірбаеваға пара беру күдігімен ұсталған. Ол 2016 жылдың желтоқсанында ұсталды. Бас директормен бірге оның орынбасары Шамишев пен бас бухгалтер Қорғанов және бөлім бастығы Елемесова мен Ажигуловамен тұтқындалды.

Сот ісі материалдары бойынша, мемлекеттік бюджет қаражатын мақсатсыз пайдаланғанын есепте көрсетпегені үшін РҚБ басшылығынан аудиторларға 15 млн теңгеден астам сома берілді.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!