Нұр-Сұлтанда автобус пен жүк көлігі соқтығысты: 22 адам зардап шекті

12:14, 24 қыркүйек 2019

Алматы. 24 қыркүйек. 7kun.kz – Нұр-Сұлтанда жолаушылар автобусы жүк көлігімен соқтығысты, деп хабарлайды қалалық полиция департаменті.

Жол-көлік оқиғасы 23 қыркүйекте орын алған.

«22 жасар жүргізуші HOWO маркалы автокөлікті басқара отырып, А-187 көшесінің бойымен шет жақтағы жолақтағы жолмен жүрген. Мұстафа Кемал көшесінің қиылысында Байырқұм көшесі жағынан жүргізуші көлік құралын өткізіп, № 64 маршрут автобусымен соқтығысқан», — делінген ведомство хабарламасында.

Апат салдарынан автобустың жүргізушісі мен жолаушылары жарақат алды. 22 жолаушы қалалық ауруханаға жіберілді. Медициналық көмек көрсетілгенінен кейін үйлеріне қайтты. Ал автобус жүргізушісі ауруханаға жатқызылды.

Қазіргі уақытта жол-көлік оқиғасы бойынша тергеу жүріп жатыр.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!