Медведев: Назарбаев Қазақстанда қарқынды дамушы экономика қалыптастырды

10:54, 20 наурыз 2019

Алматы. 20 наурыз. 7kun.kz – РФ Премьері Дмитрий Медведев Нұрсұлтан Назарбаевпен бірлесе жүзеге асырған жұмыстарына жоғары баға берді.  

“Нұрсұлтан Әбішұлымен бірге жүзеге асырған жұмыстарымызды жоғары бағалаймын және Қазақстан мен Ресей арасындағы қарым-қатынасты нығайту, халықтар арасындағы достықты дамыту үшін сіңірген еңбегін ризашылықпен еске аламын”, деп жазды Д.Медведев Facebook-ке.

Ол Н.Назарбаевтың заманауи Қазақстанның негізін салғанын, оның жетекшілігімен қарқынды дамып отырған экономика қалыптасқанын, Қазақстанның  барлық саласында кең ауқымды қайта құрылу жүргенін атап өтті.

“Біз Нұрсұлтан Назарбаевтың еуразиялық ықпалдастықтың негізін салушы екенін білеміз. Ол 25 жыл бұрын Еуразиялық экономикалық одақтың идеясын ұсынды”,-деді Д.Медведев.

АЙта кетейік, 19 наурыз күні Н.Назарбаев президенттік өкілеттілігін тоқтатқанын хабарлады.

Президент міндетін сайлауға дейін Парламент сенатының спикері Қ.Тоқаев атқарады.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!