Көлсай көлдері маңында тау көшіп жатыр

23:41, 19 сәуір 2018

Алматы. 19 сәуір. 7kun.kz – Алматы облысы, Кеген ауданындағы «Көлсай көлдері» Ұлттық паркі аумағында тау көшті.

Жергілікті тұрғындардың айтуынша «Малабек шоқысы» аталатын таудың басым бөлігі төмен жылжып, әйгілі Көлсайға баратын жолға жақындап қалған. Шығын туралы ақпарат жоқ.

Әлі тоқтамай, баяу жылжыған көшкін жергілікті малшының үйіне 50 метрдей жақындап қалған. Егер жылжу жалғасса малшының үйі мен жолды жауып қалуы мүмкін.

Фото, видеоны түсірген Саты ауылының тұрғындары

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!