Қазақстанда алғаш рет өңірлер бойынша ауқымды халықаралық блог-тур өтеді

09:58, 16 тамыз 2019

Алматы. 16 тамыз. 7kun.kz — 17-23 тамыз аралығында «Қазақстанды таны» жобасы аясында 35 шетелдік блогерлердің қатысуымен  халықаралық блог-тур өтеді.

Бұл жоба Қазақстандағы жастар жылы аясында жүзеге асырылуда және дарынды жастарға көмектесу, елдегі туризм мен бейнеблоггингті дамытуға бағытталған.

Жобаға қатысу үшін Қазақстанға Ұлыбритания, Австралия, АҚШ, Италия, Ресей, Таиланд, Үндістан, Греция, Канада, Оңтүстік Корея, Түркия, Филиппин және Канададан видеоблогерлер келеді. Олар Қазақстанның блогерлерімен бірге тарихи жерлерді көріп, табиғатымен танысу үшін еліміздің аймақтарна 5 күндік турнэге аттанады.

Блог-тур Қазақстан өңірлерінде 5 бағыт бойынша ұйымдастырылады:

  • 1-бағыт — Шығыс Қазақстан облысы бойынша өтеді. Блогерлер: Рахман қайнарлары, Радостный асуы, Брел қорғандары, Катон-Қарағай ауданы, «Косы Вероники» сарқырамасы, Зырян және Осиновка асуында болады.
  • 2- бағыт — Түркістан облысындағы сәулет ескерткіштеріне арналады. Түркістандағы Арыстан баб, Қожа Ахмет Яссауи кесенелері, Отырар мен Сауран ежелгі қалашығы, сондай-ақ Ақсу Жабағылы қорығында болады.
  • 3- бағыт — Орталық Қазақстан бойынша.»Бурабай» ұлттық табиғи паркі, «Ботай-Бурабай» ашық аспан астындағы мұражайы, «АЛЖИР» мұражайы, Нұр-Сұлтан қаласына саяхат жасайды.
  • 4- бағыт — Батыс Қазақстан облысы бойынша. Маршрут аясында Ақтау, Бозжыра шатқалдары мен алқабы, Кендірлі, Тоқмақ мысы, Қарақие және Түйеске барады.
  • 5- бағыт — Алматы және Алматы облысы бойынша. Блогерлер Алматы, Үлкен Алматы Өзені, Шарын шатқалы, Қайыңды көлі, Таңбалы тас және Алтын Емелге барады.

Блог-турдың қорытындысы бойынша блогерлер Қазақстанға саяхат туралы бейнеролик жасап, YouTube-тағы өз арналарына орналастырады.

Сондай-ақ, тур аяқталғаннан кейін блогерлер 24-25 тамызда Нұр-Сұлтанда өтетін «Қазақстанды таны» атты халықаралық блогерлер форумына қатысады.  Форум барысында қатысушыларға супер-ақпараттық және пайдалы мастер-кластар ұйымдастырылады, онда блогингті дамытуға арналған сабақтардан өтеді: «Тревел блогинг», «YouTube-блогер профилін дамыту /ЛОМ», «Бизнес-блогинг», «Instagram-блогер профилін дамыту / ЛОМ», «Qazaq Instagram» және басқалар. Сонымен қатар, спикерлер Instagram және Youtube блогерлердің профильдерін қалай дамыту және сапалы мультимедиялық контент құру туралы білімдерімен бөліседі.

Айта кетейік, іс-шараны «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ және ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «A kind heart» ҚБ ұйымдастырады.

Сонымен қатар, жобаның стратегиялық серіктестері қатарында — «Internet Portal NUR» ЖШС, «Power Media» ЖШС және «Kazakh Tourizm» ұлттық компаниясы бар.


Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!