СҚО полициясы шетелдік нөмірлі заңсыз көлік иелеріне ескерту жасады
© Сурет: Zakon.kz
Солтүстікқазақстандық полицейлер қазақстандық азаматтардың шетелде есепте тұрған автокөліктерді пайдалануымен байланысты тәуекелдері туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Тек соңғы екі жылда СҚО-да айып тұрағына өзге елдердің нөмірлері бар 60 автомобиль қойылды. Оның 7-і айдап әкеткен көліктер тізімінде (барлығы Ресей Федерациясы аумағы бойынша). Кейбір көліктерге шетелде шектеу қойылғандықтан айып тұрағында тұр. Мысалы, Ресей Федерациясындағы нақты иесінің мүлкіне тыйым салынғандықтан, тамыз айында Петропавл тұрғыны "BMW X-5" көлігінен айырылды және бұл бірлі-жарым оқиға емес.
"Сонымен қатар, айып тұрағына Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасында тоқтатылған көліктер қойылады, - деп хабарлайды СҚО ПД Анықтау басқармасы бастығының орынбасары полиция майоры Жеңіс Темірбеков. Аталған көліктер заңнама бұзушылықтарымен ресімделген. Олардың көбісін жалған құжаттармен кіргізбекші болған, кейбіреуінің vin-коды қайта соғылған. Дегенмен, жерлестеріміздің біразы шетелде "ұқсас телқосағы" бар көлікті тізгіндеп жүр деуге негіз бар".
Келесі бір қауіп: кейде қазақстандықтар "конструктор" деп аталатын – күрделі жол-көлік оқиғасына түскен автомашиналардың қосалқы бөлшектерінен жиналған көліктерді сатып алып жатады. Оларды да жалған құжаттар бойынша сатады. Полицейлер шетел көлігін сатып алар кезде автомобильдердің және агрегаттардың (vin-код, шанақ, қозғалтқыш, шасси және т.б.) сәйкестендіру нөмірлерін тіркеу құжаттарында көрсетілген мәліметтермен салыстыруға, шектеулер қойылғанын, не қойылмағанын, жалпы тарихын тексеруге кеңес береді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
19:32, 28 қазан 2025
Қазақстанда электромобильдер қымбаттағалы жатыр
-
13:54, 27 қазан 2025
Көлікті қысқа дайындау: әйнек, жылу және жарық
-
09:46, 15 қазан 2025
Мамандар моторды тез тоздыратын жүргізуші қателіктерін атады
-
15:43, 13 қазан 2025
Жаңа жүргізуші куәліктері 2026 жылдың басында беріле бастайды – ІІМ
-
13:26, 9 қазан 2025
VIP-нөмірді бір көліктен екіншісіне ауыстыруға бола ма





