Көлік десе шыр етеді, жері сатылып, елі тоналғанда үндемеген қазақ
© Сурет: Zakon.kz
2-3 күн болды чаттарда русучет көлігі барлар шырылдап жатыр. "Табан ақы, маңдай термен келген көлігімізді тартып алса, митингке шығамыз", дегендері де бар. Жеме-жемге келгенде бір Құдай білсін не істейтінін. Жері сатылғанда, елі тоналғанда үн қоспаған ағайындар ғой. Олар үшін қатты қайғырып отырғаным да шамалы, дейді желіде Айсұлтан Жақыпов.
Бірақ, осындай беспределдің боларын жоғарыдағылар білмеді дей алмаймыз. Көлік алған кезде құжаты түгел емесін біздің қазекем де білді. Орыс номерін таққан мәшинені қай кезде тебуге болады? Ресейде туысың, жақсы танысың болса, көлік соның атында тұрса, жылда сен берген ақшаға салығын төлеп отырса дегендей дүниелер ғой.
Былайша айтқанда тазалауға қарсы емеспін. Жолда воздухта тұрған, двойник мәшнелер қаптап кетті. Ал, бұл заңсыз. Биліктің жағдай жасай алмай отырғаны бөлек әңгіме. Біреу сүкі болды екен деп бәріміз сүкі болмайтын шығармыз енді.
Негізі, елге келгендегі бірінші тіркеу, утилсбор дегенді қайта қарауымыз керек. Көлікті маған десең Сібірден, Жапон елінен, Конгодан не Франциядан әкел. Тек, жылы 2010-нан кем болмасын, көлемі 2.0 болса, не 2-3 арасы болса. 3-тен асса 3-5 арасы дегендей, қарапайым, жұртқа түсінікті математика болса дейсің осындайда. Көп асаймын деп боқ асау билік тарапынан да, қараша тарапынан да бар. Біріншінікі ақымақтық болса, екіншісі шарасыздықтан баруда.
Осындай көліктерге қазақ номерін, қазақ құжаттарды жасау 1 млннның үстінде дейді. Оның өзі заңсыз жолмен жасау. Қағылған-соғылған көліктің құжатын сатып алып, шетелден дәп сондай көлік әкелгендер де бар. Білмеймін, өгізді де өлтірмей, арбаны да сындырмай бұл мәселеге нүкте қоя аламыз ба?
Не болса да қазақ мәшине тепкен дұрыс, деген байлам жасайды пост авторы.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
10:12, 24 қаңтар 2025
Қазақстанда электромобильдер саны 1,6 есеге көбейді
-
16:57, 20 қаңтар 2025
Қазақстандық алаяқтар автомобильдер «сата» бастады
-
16:00, 15 қаңтар 2025
Көлікке мемлекеттік нөмірдің телнұсқасын қалай алуға болады: қазақстандықтарға нені білу керек
-
09:35, 26 желтоқсан 2024
Mercedes-Benz сауда маркасының өндірушісі банкротқа ұшырады
-
09:52, 16 желтоқсан 2024
Бельгиядағы Audi қызметкерлері жұмыссыз қалады
Танымал жаңалықтар
-
22:48, 27 наурыз 2025
-
23:11, 27 наурыз 2025
-
10:27, 28 наурыз 2025
-
09:14, 28 наурыз 2025
-
11:26, 28 наурыз 2025
-
10:08, 28 наурыз 2025
-
10:19, 28 наурыз 2025
-
11:07, 28 наурыз 2025
-
10:53, 28 наурыз 2025
-
12:14, 28 наурыз 2025
-
11:00, 28 наурыз 2025
-
13:43, 28 наурыз 2025
-
09:00, 28 наурыз 2025
-
11:51, 28 наурыз 2025
-
11:40, 28 наурыз 2025