Дауыл, бұршақ және 42 градус ыстық: сейсенбіде қай өңірлерде ескерту жасалды
© Фото: pixabay
25 тамызда Қазақстанның бірнеше өңірінде ауа райы күрт құбылады. Кей облыстарда найзағай, нөсер жаңбыр, бұршақ пен дауыл күтілсе, батыста күн 42 градусқа дейін ысиды. Бірқатар аймақта желдің екпіні 28 м/с-қа дейін жетеді. Төтенше өрт қаупі де сақталады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жетісу облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында, орталығында, таулы аудандарында жаңбыр, найзағай, облыстың таулы аудандарында қатты жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысында, таулы аудандарында екпіні 15-20, күндіз Алакөл көлдері аудандарында кей уақыттарда 23-28 м/с. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады. Талдықорған қ.: түнде жаңбыр, найзағай күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Түркістан облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады. Шымкент қ.: солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады. Түркістан қ.: солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Күндіз Батыс Қазақстан облысының батысында, шығысында, орталығында өткінші жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысып соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Күндіз 35-37 градус қатты ыстық күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады. Орал қ.: күндіз өткінші жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысып соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
Күндіз Маңғыстау облысының оңтүстігінде аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Күндіз 38-42 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтау қ.: төтенше өрт қаупі сақталады.
Шығыс Қазақстан облысында жаңбыр, найзағай, облыстың солтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында қатты жаңбыр, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20, күндіз екпіні 25 м/с. Облыстың солтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Өскемен қ.: жаңбыр, кей уақытта қатты жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
Абай облысында жаңбыр, найзағай, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында қатты жаңбыр, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Семей қ.: жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
Күндіз Атырау облысының солтүстігінде, шығысында шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-18 м/с. Күндіз 35-38 градус қатты ыстық. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады. Атырау қ.: күндіз 35-37 градус қатты ыстық күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Түнде Алматы облысында жаңбыр, облыстың таулы, тау бөктеріндегі аудандарында кей уақыттарда қатты жаңбыр, күндіз облыстың оңтүстігінде аздаған жаңбыр, облыстың таулы, тау бөктеріндегі аудандарында жаңбыр, кей уақыттарда қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай, бұршақ. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 18-23 м/с. Облыстың орталығында, батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі, облыстың шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Алматы қ.: түнде жаңбыр, күндіз аздаған жаңбыр, кей уақытта найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, кей уақытта екпіні 18 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады. Қонаев қ.: түнде жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, кей уақытта екпіні 18 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады. Іле Алатауы (Алматы қаласының Медеу және Бостандық аудандарының таулы аймақтары) бойынша: жаңбыр, кей уақыттарда қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, кей уақыттарда екпіні 18-23 м/с.
Жамбыл облысының таулы аудандарында жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстіктен жел соғады, облыстың таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Тараз қ.: төтенше өрт қаупі сақталады.
Күндіз Ақтөбе облысында 35-36 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың орталығында, солтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтөбе қ.: төтенше өрт қаупі сақталады.
Түнде және таңертең Қостанай облысының батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Облыстың солтүстік-батысында, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Қостанай қ.: түнде және таңертең тұман күтіледі.
Түнде және таңертең Ұлытау облысының шығысында тұман күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады. Жезқазған қ.: төтенше өрт қаупі сақталады.
Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Қарағанды қ.: күндіз кей уақыттарда жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең тұман.
Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының шығысында аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Петропавл қ.: түнде және таңертең тұман күтіледі.
Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с. Облыстың шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Павлодар қ.: жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең тұман. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
Ақмола облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
23:11, 24 тамыз 2026
Ақмолалық тұрғын Грузиядан Toyota Highlander сатып алмақ болып, миллиондаған теңгесінен айырылды
-
23:06, 24 тамыз 2026
Шымкентте ер адамды қатыгездікпен өлтірді деп алты адам сот алдында жауап беріп жатыр
-
22:59, 24 тамыз 2026
Құрбысы екеуі мотоциклмен келе жатып арқанға соғылған: Риддерде оқушы қыз қаза тапты
-
22:12, 24 тамыз 2026
Суға секіруден жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты: қазақстандықтардың нәтижесі қандай
-
21:50, 24 тамыз 2026
Қазақстан таеквондодан әйелдер арасындағы ашық әлем чемпионатына қатысады





