Софья Самоделкина АҚШ Гран-при кезеңінде үздік ондыққа кіре алмады

09:06, 15 қараша 2026
MKZ: 1577790

© Сурет: olympic.kz

Софья Самоделкина АҚШ Гран-при кезеңінің қысқа бағдарламасында 11-орын алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Софья Самоделкина АҚШ-тың Эверетт қаласында өтіп жатқан мәнерлеп сырғанаудан Гран-при сериясының кезеңінде қысқа бағдарлама бойынша өнер көрсетті.

Жарыстың алғашқы күнінің қорытындысы бойынша қазақстандық спортшы төрешілерден 61,03 ұпай жинап, турнир кестесінде 11-орынға тұрақтады.

Бірінші орынды 82,20 ұпай жинаған жапониялық Ами Накаи иеленді. Екінші орында бейтарап мәртебеде өнер көрсететін ресейлік Александра Игнатова (74,24 ұпай). Үздік үштікті Оңтүстік Корея өкілі Ким Ю Чжэ (73,92 ұпай) түйіндеді.

Еркін бағдарлама 16 қарашаға қараған түні өтеді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!