Алматыда қыста жазғы дөңгелекпен жүргендерді айыппұл күтіп тұр
Алматы полициясы автокөліктің дөңгелегін дер кезінде ауыстыру қажеттігін ескертеді, деп хабарлайды Zakon.kz қалалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Алматы қалалық ПД Әкімшілік полиция басқармасы – Алматыдағы жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, көлік құралдарын пайдалану, олардың техникалық регламенттерге, стандарттар мен техникалық пайдалану ережелеріне сәйкестігін бақылау жөніндегі уәкілетті орган.
- Ауа-райының нашарлауы мен қар түрінде жауын-шашынның болуы, ауа температурасының төмендеуіне байланысты жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жүргізушілер мен автокөлік иелеріне дөңгелекті қысқы шиналарға ауыстыруға шақырамыз. Кедендік одақтың "Дөңгелекті көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентіне (КҚ ТР 018/2011) 8-қосымшаның 5.5-тармағына сәйкес, жазда (маусым, шілде, тамыз) дөңгелектері сырғанауға қарсы шиптермен жабдықталған көлік құралдарын пайдалануға тыйым салынады. Ал қысқы кезеңде (желтоқсан, қаңтар, ақпан) қысқы шиналармен жабдықталмаған көлік құралдарын пайдалануға тыйым салынады. Сонымен қатар, қысқы шиналар көліктің барлық дөңгелектеріне орнатылуы тиіс. 1 желтоқсаннан кейін осы талаптарды бұзған жүргізушілерге ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 5-тармағы бойынша 5 АЕК көлемінде әкімшілік жауапкершілік қарастырылған, - деп хабарлады Алматы қаласы ПД Әкімшілік полиция басқармасының бастығы полковник Жандос Мұраталиев.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
15:51, 17 желтоқсан 2021
Алматы облысындағы республикалық тас жол қолайсыз ауа райына байланысты жабылды
-
19:22, 7 желтоқсан 2021
Ақмола облысында орын алған жаппай жол апаты салдарынан 10 адам зардап шекті
-
16:42, 7 желтоқсан 2021
Қарағандыда бірнеше көлік жол жиегіне ұшып кетті
-
15:42, 3 желтоқсан 2021
Tesla балалар көлігін шығарды
-
00:00, 2 желтоқсан 2021
Жазғы дөңгелекпен жүрген жүргізушілер айыппұл төлеп жатыр