Ақтөбеде жүз-шақты адам «росучет» көлігін заңдастыруды сұрады
© Сурет: Zakon.kz
9 қарашада күндіз Ақтөбеде жүз шақты адам облыс әкімдігі алдына жиналды.
Басты талаптары – Ресей нөмірін таққан көліктерге қысымды тоқтатып, заңдастырып беру, айыппұл тұрақтарынан қайтару.
Жүргізушілер сөзінше, Ресей нөмірлі көліктерді кейінгі күндері жол полициясы жиі тоқтатып, тексеруді күшейткен. Жүргізушісіне айыппұл салып, көліктің өзін айыппұл тұрағына алып кеткен жағдайлар көбейе бастаған.
– Жаңа ғана көлігімді айыппұл тұрағына алып кетті. "Базада жоқ" дейді. "Страховка" бәрі бар. Авиақалашық маңында ұстады. Сол жақтан келе жатырмын. Енді мәселеміз шешіледі деген үміттеміз. Көлігімізді қайтарсын! Тіркейтін болса, тіркесін, – деді наразы жүргізушілердің бірі Нұрбақыт Сүлейменов.
Халық қарасы көбейе бастаған кезде билік өкілдері наразыларды әкімдік маңындағы "Нұр Отан" ғимаратына кіруге көндірді. Қала әкімі Асхат Шахаров наразыларды сабырға шақырып, талаптарын жоғары жаққа жеткізуге уәде берді.
Полицияның мәліметінше, қазір қалада ресейлік көліктерді ұстау бойынша арнайы жедел-профилактикалық шаралар жүргізіліп жатқан жоқ. Бірақ екі-үш күннен бері "жол ережесін бұзған" ресейлік нөмірі бар автокөліктер коммуналдық (ақысыз) тұраққа қойылып жатыр. Дегенмен полиция тұраққа қойылған көліктер санын айтпады. Олар көлік мемлекеттік тіркеуден өтпейінше, иесіне қайтарылмайтынын жеткізді.
Шара барысында кейбір жүргізушілер полицияның көлікті үйлеріне барып, әкеткеніне де шағымданды.
Жүргізушілердің сөзіне қарағанда, ресейлік нөмірі бар көліктердің көпшілігі "ауада қалқып тұр". Яғни, көліктің қазіргі қожайыны оларды Ресейге апарып қайта сата алмайды. Ал Қазақстанда тіркеуден өтпегеннен кейін де оны еркін пайдалана алмайды. Бір ғана амалы бар – қосалқы бөлшектерге бөліп сату. Ол тиімсіз. Енді "жалғыз ғана үмітіміз – легализация" дейді олар.
Олар билік өкілдеріне "неге бұрын мұндай көліктерге тыйым салмадыңыздар, әбден әкелген кезде шектеп отырсыздар" деп кінәлады. Ал шенеуніктер Қазақстанның Кеден одағына мүше екенін алға тартты.
"Нұр Отан" залында жүргізушілер арасынан ынталы топ құрылып, талаптарын үкіметке жеткізетін болып келісілді. Наразылар үкімет естімейтін болса, наразылыққа шыға береміз деп тарасты.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
15:51, 17 желтоқсан 2021
Алматы облысындағы республикалық тас жол қолайсыз ауа райына байланысты жабылды
-
19:22, 7 желтоқсан 2021
Ақмола облысында орын алған жаппай жол апаты салдарынан 10 адам зардап шекті
-
16:42, 7 желтоқсан 2021
Қарағандыда бірнеше көлік жол жиегіне ұшып кетті
-
15:42, 3 желтоқсан 2021
Tesla балалар көлігін шығарды
-
00:00, 2 желтоқсан 2021
Жазғы дөңгелекпен жүрген жүргізушілер айыппұл төлеп жатыр