Жапонияда өрт салдарынан 19 адам қаза тапты
© Сурет: Zakon.kz
Дәрігерлер Осака қаласында болған өрт салдарынан 19 адамның қаза тапқанын растады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Kyodo агенттігі 17 желтоқсанда Осака қаласындағы емхананың төртінші қабатынан өрт шыққанын жазды. Алдын ала мәліметтер бойынша, клиникадан бір сәтте өрт шығып, ондағы қызметкерлер мен науқастар түгелдей шығып үлгермеген.
Бұның алдында жүрек және өкпе ұстамасы ұстау мүмкін 28 зардап шегуші туралы айтылған.
Полиция бұл қасақана жасалған өрт болуы мүмкін деген нұсқаны қарастырып жатыр. Себебі өрттің алдында оқиға орнында шамамен 60 жастағы қарт адам сөмкеден біраз сұйықтықты жерге төгіп алған соң өрт шыққан. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері бұл адамның зардап шеккендердің арасында бар-жоғын тексеріп жатыр.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
12:27, 20 қараша 2025
Өзбекстанда киберқылмыс өршіп барады
-
17:39, 19 қараша 2025
Таиланд шетелдіктерге қатысты виза режимін қатаңдатты
-
11:15, 18 қараша 2025
Үндістанда хакерлер перзентханалардағы камераларды бұзып, видеожазбаларды әлеуметтік желілерде сатқан
-
11:09, 18 қараша 2025
Бразилияда ежелгі қолтырауын табылды
-
10:34, 18 қараша 2025
Оңтүстік Кореяда ең ірі қалқымалы күн электр станциясы іске қосылды





