Венесуэладағы жойқын жер сілкінісінен кейін 18 мыңға жуық адам баспанасыз қалды
© Сурет: pexels
Венесуэлада болған екі жойқын жер сілкінісі салдарынан қаза тапқандар саны 3535 адамға жетті. Бұл туралы ел билігі мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Соңғы мәліметтер бойынша, 16 740 адам жарақат алған, ал 18 мыңға жуық тұрғын баспанасыз қалған.
Ұлттық ассамблеяның спикері Хорхе Родригестің Telegram-дағы мәліметіне сәйкес, құтқарушылар қираған ғимараттардың үйінділері астынан 6462 адамды тірі алып шыққан.
Алайда соңғы үш тәулік бойы аман қалғандар саны өзгерген жоқ. Осы аралықта, жексенбі күнінен бері, қаза тапқандар саны тағы 193 адамға артқан. Табиғи апат салдарынан 856 ғимарат зақымданған, оның ішінде 190 ғимарат толықтай қираған.
Апаттың салдарын жою жұмыстарына 30 мыңға жуық төтенше жағдайлар қызметінің маманы, 28 мыңға жуық ерікті және 4,3 мыңнан астам шетелдік құтқарушы жұмылдырылған. Үкіметтің мәліметінше, бүгінге дейін 87 мыңға жуық отбасыға көмек көрсетілген. Сондай-ақ зардап шеккен тұрғындарды уақытша орналастыру үшін 82 уақытша лагерь ашылған.
Еске салсақ, Венесуэлада жойқын жер сілкінісі 24 маусым күні кешке болды. Араға шамамен 40 секунд салып, магнитудасы 7,2 және 7,5 болатын екі күшті жер асты дүмпуі тіркелген.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
09:48, 6 тамыз 2026
Ұлыбританияның корольдік отбасында жаңа мұрагер дүниеге келді
-
11:57, 5 тамыз 2026
Түркияның Әуе күштерінде алғаш рет әйел генерал тағайындалды
-
11:06, 5 тамыз 2026
Зеленский Украинаның АҚШ-тағы елшісін қызметінен босатты
-
11:25, 4 тамыз 2026
Мысырда жойқан жер сілкінісі болды: тұрғындарға зақымданған ғимараттарға жақындамауға кеңес берілді
-
09:44, 4 тамыз 2026
Зеленский Ресейді бітімге шақырды: келісімнің үш нұсқасы ұсынылды





