«Үш жылдан кейінгі алғашқы қоңырау». Путин мен Макрон телефон арқылы сөйлесті
© Сурет: kremlin.ru
Путин Макронға қоңырау шалып, қос президент Таяу Шығыстағы және Украинадағы жағдайды талқылады. Кремльдің Telegram арнасындағы ақпаратқа сәйкес, РФ мен Франция президенттерінің бұл - 2022 жылдың қыркүйегінен бергі алғаш рет телефон арқылы сөйлесуі, деп хабарлайды Zakon.kz.
Араға үш жыл салып, телефон арқылы байланысқан президенттер мына мәселелерді талқылады:
- Көшбасшылар Иран-Израиль қақтығысы мен АҚШ-тың Иранның ядролық нысандарына жасаған соққыларын қамти отырып, Таяу Шығыстағы жағдайды талқылады. Путин мен Макрон БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты мүшелері ретінде аймақтағы бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтау бойынша өз елдерінің жауапкершілігіне де тоқталды, деп хабарлайды Кремль.
- Украина айналасындағы жағдай талқысында Владимир Путин Батысты Ресейдің қауіпсіздік мүдделерін елемейді әрі Киевті жақтайды деп айыптады. Ол қақтығыстың бастапқы себебі жойылғанда, "жаңа территориялық шындық" есепке алынғанда келіссөздерге даяр екендіктерін жеткізді.
- Кремльдің пікірінше, әңгіме сындарлы сипатта өтті. Көшбасшылар позицияларды үйлестіру ықтималдылығы бойынша арадағы байланысты жалғастыруға келісті. Француз бұқаралық ақпарат құралдары да Макрон Путинмен байланысты жалғастыруға ниетті екенін хабарлайды.
Айта кетсек, 2025 жылы 19 мамырда Путин мен Трамп телефон арқылы сөйлескен болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:27, 13 тамыз 2026
Рим маңындағы оқ-дәрі шығаратын зауытта жарылыс болып, алапат өрт тұтанды
-
15:16, 13 тамыз 2026
Таиланд әуежайларында «қауіпті чемоданды» иесі жоқ кезде ашуға болады
-
14:07, 13 тамыз 2026
Танымал әуе компаниясы Дубайға ұшу күнін шектеусіз тегін өзгертуге мүмкіндік берді
-
13:36, 13 тамыз 2026
Ақ үйдің баспасөз хатшысы қызметінен кетеді
-
20:11, 12 тамыз 2026
Әртістік жүзуден жасөспірімдер арасындағы ӘЧ: Қазақстандық спортшы қола медаль иеленді





