Ресейдің Күн астрономиясы зертханасы 21-22 қарашаға арналған геомагниттік белсенділік болжамын жариялады. Мама
© Фото: unsplash
Ресейдің Күн астрономиясы зертханасы 21-22 қарашаға арналған геомагниттік белсенділік болжамын жариялады. Мамандар келесі аптада ғарыштық ауа райы қандай болатынын да айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Мамандардың мәліметінше, Күн белсенділігі төмендеп жатыр. Кейінгі тәулікте C9.6 класына жататын бір ғана елеулі жарқыл тіркелген. Ғалымдар белсенділіктің төмендеуі демалыс күндерінің соңына дейін жалғасады деп болжайды.
Қазір Күн бетінде бес шағын топқа біріктірілген он шақты дақ бар. Олардың барлығы белсенділіктің ең төменгі деңгейіне жататын альфа және бета санаттарына кіреді.
21 және 22 қарашада, сенбі мен жексенбіде геомагниттік жағдай тыныш болады. Күшті магниттік дауылдардың болу ықтималдығы жоқ.
Алайда 23 қараша, дүйсенбіде жағдай өзгеруі мүмкін. Ғалымдардың есебінше, Жерге алдыңғы күні болған күн плазмасының шағын лақтырылуы әсер етуі ықтимал. Бұл геомагниттік ауытқуларға әкелуі мүмкін.
Бұдан бөлек, Күнде шағын тәждік қуыс пайда болған. Оның Жерге әсері 27-28 қарашада байқалуы мүмкін. Екі жағдайда да әсері әлсізден орташа деңгейге дейін болады деп болжанып отыр.
Мамандар келесі аптаның басында Күн белсенділігінің индексі нөлге дейін төмендеуі мүмкін екенін атап өтті.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
14:34, 22 қараша 2026
Оңтүстік Кореяның білім министрі ЖИИ-мен байланысты даудан кейін отставкаға кетті
-
13:21, 21 қараша 2026
Трамп шетелде деректер орталықтарын салатын америкалық IT-компанияларға ірі санкциялар салатынын ескертті
-
16:46, 20 қараша 2026
«Мұндай ауқым бұрын-соңды болмаған»: Дубай тарихтағы ең ірі әуежай көшіне дайындалып жатыр
-
12:14, 20 қараша 2026
Мексикада ұшақ тасжолға құлап, өртеніп кетті
-
12:03, 20 қараша 2026
Круиздік кемедегі демалыс жаппай ауруға байланысты бұзылды: 150-ге жуық турист ішек инфекциясын жұқтырды





