Үндістанда тікұшақ апатынан жеті адам қаза тапты
© Фото: zakon.kz
Үндістанның солтүстігіндегі Гималай тауларында тікұшақ апатқа ұшырап, жеті адам көз жұмды, деп хабарлайды Zakon.kz.
PTI агенттігінің мәліметінше, бортта алты қажы мен бір ұшқыш болған. Апаттан аман қалған ешкім жоқ.
"Апат Гаурикунд ормандарының үстінде, ауа райының қолайсыздығына байланысты нашар көрінетін жағдайда орын алды", - деді Үндістанның Уттаракханд штатындағы Рудрапраяг округінің төтенше жағдайлар қызметінің өкілі Нандан Сингх Раджвар.
Тікұшақ таңертең ерте теңіз деңгейінен 3 500 метр биіктікте орналасқан Кедарнатх ауылынан ұшып шыққан. Ұшқаннан көп ұзамай жерге құлап, өртеніп кеткен.
Helicopter carrying pilgrims travelling from Dehradun to Kedarnath crashed after going missing in Gaurikund, Uttarakhand#helicopter #helicoptercrash #Kedarnath #Gaurikund pic.twitter.com/jBdlKZyWGs
— The-Pulse (@ThePulseIndia) June 15, 2025
Сондай-ақ, 2025 жылғы 12 маусымда Үндістанның Гуджарат штатындағы Ахмадабад әуежайында Лондонға бет алған жолаушылар ұшағы апатқа ұшыраған. Ұшақ тұрғын үйлер орналасқан ауданға құлап, ұшқаннан кейін көп ұзамай жарылып кеткен. Бортта болған 241 адамның 240-ы қаза тауып, тек бір жолаушы – 40 жастағы британдық Вишвашкумар Рамеш тірі қалған. Ол ұшақтағы 11А орнында отырған. Апат кезінде ол туған інісінен айырылған.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:01, 14 маусым 2026
Филиппиндегі жер сілкінісінен кейін теңіз түбі екі метрге көтерілді
-
14:47, 14 маусым 2026
Сидней жағажайында акула әйелге шабуыл жасады: оны сапбордшы құтқарып қалды
-
11:00, 14 маусым 2026
Юлия Путинцева Ноттингемдегі турнирде әлемнің 258-ракеткасына есе жіберді
-
09:23, 13 маусым 2026
Таиландта қаралы күн жарияланды
-
12:56, 11 маусым 2026
Ғалымдар Жерге жақындап келе жатқан магниттік дауылдарға қатысты жаңа мәлімдеме жасады





