Түркиядағы жер сілкінісінің соңы тасқын суға айналды

16:28, 4 маусым 2025

© Сурет: pixabay

2025 жылғы 3 маусымға қараған түні Түркияның Мармарис курортында жер сілкінісі болды. 69 адам зардап шегіп, бір адам қаза тапты. Алайда табиғаттың тосынсыйы мұнымен біте қоймады, Трабзон қаласында толассыз жауған жаңбырдың соңы тасқын суға әкелді, деп хабарлайды Zakon.kz

Milliyet басылымының мәліметінше, ондаған үй мен кәсіпорындарды су басып, жолдарға зақым келген.

Сонымен қатар, жоғалып кеткен 72 жастағы ер адамды іздеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Тұрғындар оқиға орнынан фото-видео материалдарды белсенді түрде бөлісуде.

Бұған дейін Балиге есірткі алып өтпек болған үш саяхатшының өлім жазасына кесілгендігі хабарланған болатын.

 

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!