Солтүстік Корея жағажай курорты арқылы туристерді тартпақ
© Сурет: ЦТАК
Солтүстік Корея президенті Ким Чен Ын жағалаудағы Вонсан-Кальма туристік аймағында жаңа жағажай курортының ашылуын ресми түрде жариялады. Бұл құрылыс жобасы алты жыл бұрын аяқталуы тиіс болған, деп хабарлайды Zakon.kz.
KCNA агенттігінің мәліметінше, елдің шығыс жағалауында орналасқан ауқымды туристік аймақ — Ким Чен Ын ұзақ жылдар бойы туризмді дамыту мақсатында алға жылжытып келген маңызды жобалардың бірі.
Кореяның Орталық телеграф агенттігі хабарлағандай, президент Вонсан-Кальма жағалаудағы туристік аймақтың ашылу салтанатына "үлкен қызығушылықпен" қатысқан. Ол бұл курорт 20 мыңға дейін келушіні қабылдай алатынын айтып, елде тағы да ірі туристік аймақтар жылдам салынады деп мәлімдеді.
Жаңа туристік аймақ төрт шақырымдық жағажай бойында күнге қыздырыну мүмкіндігін, түрлі спорт түрлерін, ойын-сауық, сауда және қоғамдық тамақтану қызметтерін, сондай-ақ жыл бойы қолжетімді әртүрлі орналастыру орындарын ұсынады.
Бұл аймақ бұрыннан жергілікті тұрғындардың демалыс орны болған, алайда Ким оны "корейлік туризм стиліне" негізделген, миллиард долларлық кең ауқымды туристік орталыққа айналдыруды көздеген.
Туризм саласына БҰҰ санкциялары қолданылмайды, дегенмен Солтүстік Корея ядролық қару бағдарламаларына байланысты енгізілген экономикалық санкциялар себебінен Вонсан жобасын әзірлеу барысында ешбір шетелдік серіктеспен ынтымақтаса алмаған.
Бұған дейін Қазақстанға халықаралық экспедиция келгендігін жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
10:54, 24 тамыз 2026
Туристерге Венециядағы ерекше тыйым туралы ескертілді
-
17:07, 22 тамыз 2026
Бокстан бұрынғы әлем чемпионын үйінің маңында атып кетті
-
11:39, 21 тамыз 2026
Өлім жазасына кесілген тұтқын 101 жасында қайтыс болды
-
13:32, 20 тамыз 2026
Әлемнен оқшауланған тайпа: Үнді мұхитындағы аралға неліктен жақындауға тыйым салынған
-
13:14, 20 тамыз 2026
АҚШ-та ішек инфекциясы өршіп тұр: 15 мыңнан астам адам ауырды





