Енді оқушыларға барлық пән бойынша баға қойылатын болады
© Фото: zakon.kz
Қазақстанда оқушыларды оқыту нәтижелері барлық пән бойынша бағаланатын болады. Бұл туралы 2026 жылдың 25 тамызында ҚР Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Шынар Ақпарова мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ол бұған дейін жеке бағаланбаған "Цифрлық сауаттылық", "Еңбекке баулу", "Бейнелеу өнері", "Музыка" және "Дене шынықтыру" пәндері бойынша формативтік бағалау жүргізілетінін нақтылады. Аралық бағалау тоқсанына бір рет өткізіледі.
"Бұл пәндер бастауыш білім берудің жалпы мазмұнына кіреді және әр пән баланың белгілі бір білімі мен дағдысын қалыптастырады. Сондықтан оқу бағдарламасында белгіленген нәтижелердің барлық пән бойынша көрініс табуы маңызды", - деді спикер ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.
Оның айтуынша, бұл жағдай қосымша жазбаша бақылау жұмыстарын көбейтпейді, керісінше, пәннің ерекшелігіне сәйкес сабақ барысында орындалатын практикалық, шығармашылық, жобалық, зерттеу, спорттық, жеке және командалық жұмыстардың нәтижесіне негізделеді.
Бұған дейін Қазақстанда оқушыларды бағалаудың жаңа форматы енгізілгені, енді ТЖБ деген болмайтыны хабарланған.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
18:17, 25 тамыз 2026
Диктант, бақылау, мазмұндама: Оқушыларға түсетін жүктеме артады ма
-
17:57, 25 тамыз 2026
Атырауда ер адам тоқ соғып, қол-аяғынан айырылды
-
17:41, 25 тамыз 2026
Министрлік оқушылардың тоқсандық қорытынды бағасы жайлы: Бірыңғай формула бойынша есептеледі
-
17:13, 25 тамыз 2026
Қазақстандық таеквондошы Қытайдағы халықаралық турнирде қола медаль иеленді
-
17:02, 25 тамыз 2026
ТЖБ болмайды: Қазақстанда оқушыларды бағалаудың жаңа форматы енгізіледі





