Ресейде əуеге көтерілген ұшақтан 9 тонна күміс шашылып қалды

17:52, 15 наурыз 2018

Якутсктегі АН-12 жүк ұшағы ұшқан кезде борт есігі ашылып кетіп, ішіндегі күміс құймалар шашылып қалған, деп хабарлайды Baq.kz.

«Бортта күміс құймалар болған. Бағалы металдың 200 құймасы болған. Жүктің бір-бөлігі ұшып-қону жолағында болды», - дейді агентсво маманы.

Сондай-ақ, Kinross Gold компаниясының мәскеулік өкілдері бортта Доре қорытпасының құймасы болғанын, ол кем дегенде 70 пайыз алтын немесе күмістен тұратынын айтқан.

«Жүк қайта тиелді, сондықтан мүлікті сақтандыру туралы мәселе көтерудің қажеті жоқ», - деді компания өкілі Станислав Бородюк.

Сонымен қатар, ол борттағы жеті экипаж мүшесі мен екі компания өкілінің ешқайсысы зардап шекпегенін айтты. Тергеу комитеті баспасөз қызметінің мәліметінше, ұшақ бортының есігі ашылып кетуіне жүктің орнынан жылжып кетуі себеп болған.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!