Ресейде КВИ-ді қайта жұқтырудың алғашқы фактісі тіркелді

16:38, 23 шілде 2020

Ресейдің Владимир облысында коронавирусты қайта жұқтыру оқиғасы тіркелді. Бұл туралы аймақ басшысы Владимир Сипягин "ВКонтакте" парақшасындағы тікелей эфирде мәлімдеді, деп хабарлайды zakon.kz.

Оның айтуынша, дәрігерлердің бірі қайтадан ауырып қалған. Губернатор инфекцияны жұқтырудың бірінші және екінші жағдайы екі айдың ішінде болғанын түсіндірді.

Бұған дейін Ресейде қайтадан инфекция жұқтыру жағдайы тіркелмегені туралы ресми түрде хабарланбаған болатын.

Ресейде жалпы саны 789 190 адам КВИ жұқтырған. Оның ішінде 572 053 адам емделіп, сауықты, 12 745 адам осы індеттен қайтыс болды.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!