Ресейде бір отбасындағы 5 бірдей бала өрттен қаза тапты

11:21, 4 желтоқсан 2017

Оқиға Ресейдің Новосібір өңіріндегі Степной елді мекенінде жексенбі күні таңертең болған. Бұл туралы жергілікті ТЖҚ хабарлады, - деп жазады Хабар 24.

Өртенген үйде қаза тапқан балалардың үлкені жеті, кішісі небәрі бір жаста болған. Құтқарушылардың айтуынша, олар өрт кезінде тұншығып, сол бойда жан тапсырған. Дерек бойынша, қызыл жалынның шығуына бес баланы асырап отырған жалғызбасты әкенің салғырттығы себеп. Қазір оқиға орнында тергеу жүріп жатыр.

– Өрттен 7 адам зардап шеккен. Оның бесеуі – бала. Аман қалған екеуін бірінші және екінші дәрежелі күйік шалған. Қазір олар ауруханада жатыр, - деді РФ ТЖМ Новосібір облысы бойынша бас басқармасының басшысы Виктор Орлов.





Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!