Моңғолияның жоғары оқу орындарының барлығында сабақ 2 наурызға дейін тоқтатылды

15:22, 27 қаңтар 2020

Моңғол билігі коронавирустың жаңа түрінің ушығуына байланысты Қытаймен арадағы шекараны жабу туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды РИА Новости.

Бұл шешім бір күн бұрын шұғыл жиналыста қабылданған. Моңғолия мен Қытай шекарасы 27 қаңтардан бастап белгісіз мерзімге дейін жабылады.

Сондай-ақ, коронавирусқа байланысты Моңғолияның жоғары оқу орындарындағы барлық сабақтар 2 наурызға дейін тоқтатылды. Одан бөлек компьютерлік клубтарға, экскурсияларға, ойын алаңдарына және жүргізуші курстарына тыйым салынды.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!