Қырғызстан 17 қаңтарды қаралы күн деп жариялады

14:42, 16 қаңтар 2017

Қырғызстанда 17 қаңтарды «Манас» әуежайы маңындағы әуе апаты құрбандарын еске алу күні деп жариялады. Бұл туралы Қырғызстан Президентінің баспасөз қызметі хабарлайды. 

Қазіргі уақытта қаралы күнді енгізу туралы мемлекет басшысының өкімі дайындалып жатыр.  

Естеріңізге сала кетейік, Boeing жүк ұшағы Манас әуежайы маңында апатқа ұшырады. Ұшақ тұрғын үйлерге құлап, 15 шақты үй зақымданған. Қырғызстан билігі 37 адамның көз жұмғандығын растады.

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!