Көру қабілетінен айрылған Жаңа Зеландия тұрғыны басын соғып алып, күтпеген жерден жанарын қалпына келтірді
© Сурет: magnific
Жаңа Зеландияда тұратын 24 жастағы Лиза Рид 13 жылдан кейін қайтадан көру қабілетіне ие болды. Бір қызығы, оған ота емес, кездейсоқ басын үстелге соғып алуы себеп болған, деп хабарлайды Zakon.kz.
Oxu.Az басылымының жазуынша, Лиза 11 жасында миындағы қатерлі ісіктің салдарынан көру қабілетінен айырылған. Дәрігерлер ісікті алып тастағанымен, көру жүйкелері зақымданып қалған. Сол кезде мамандар оның көру қабілетін қалпына келтіру мүмкін емес деген қорытынды жасаған.
Алайда арада 13 жыл өткен соң Лиза өзінің жолсерік иті Эмиді сүймек болып еңкейген кезде кездейсоқ тепе-теңдігін жоғалтып алады. Соның салдарынан ол әуелі басын үстелге, кейін еденге соғып алған.
Келесі күні таңертең оянған Лиза қайтадан көре бастағанын байқайды.
Дәрігерлер бұл жағдайды нақты түсіндіре алмады. Кейбір мамандар оның көру қабілетінің жоғалуы психосоматикалық себептермен байланысты болуы мүмкін деген болжам айтты. Ал Лизаның өзі болған оқиғаны "нағыз ғажайып" деп бағалады.
Бұған дейін Қытайда мектептердің бірінде көпшілік көзінше оқушылардың ұялы телефондары әдейі сындырылғанын жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
10:54, 24 тамыз 2026
Туристерге Венециядағы ерекше тыйым туралы ескертілді
-
17:07, 22 тамыз 2026
Бокстан бұрынғы әлем чемпионын үйінің маңында атып кетті
-
11:39, 21 тамыз 2026
Өлім жазасына кесілген тұтқын 101 жасында қайтыс болды
-
13:32, 20 тамыз 2026
Әлемнен оқшауланған тайпа: Үнді мұхитындағы аралға неліктен жақындауға тыйым салынған
-
13:14, 20 тамыз 2026
АҚШ-та ішек инфекциясы өршіп тұр: 15 мыңнан астам адам ауырды





