Қазақстанның басым бөлігінде нөсер жаңбыр, қар жауып, көктайғақ болады
© Фото: unsplash
Қазақстанның көптеген облысында ауа райы күрт құбылады. Синоптиктер Алматы, Түркістан, Жамбыл облыстарында қатты жаңбыр, бірқатар өңірде жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын, тұман және көктайғақ болатынын ескертті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Алматы облысының батысында, оңтүстігінде қатты жаңбыр, облыстың таулы аудандарында жауын-шашын, кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақыттарда тұман. Күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде шаңды дауыл. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 18-23 м/с. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Алматы қ.: күннің екінші жартысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 18 м/с. Жоғары өрт қаупі сақталады. Қонаев қ.: күндіз шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 18-23 м/с. Жоғары өрт қаупі сақталады. Іле Алатауы (Алматы қаласының Медеу және Бостандық аудандарының таулы аймақтары) бойынша: күндіз қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Кей уақытта тұман. Оңтүстік-батыстан жел соғады, кей уақытта екпіні 18-23 м/с.
Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жауын-шашын (көбінесе жаңбыр), күндіз жауын-шашын, облыстың шығысында, оңтүстігінде қатты жауын-шашын (көбінесе жаңбыр) күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20, күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде кей уақыттарда 23 м/с. Қарағанды қ.: кей уақыттарда жауын-шашын (негізінен жаңбыр) күтіледі. Түнде және таңертең тұман. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15 м/с.
Ұлытау облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз облыстың оңтүстігінде, орталығында кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында тұман. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Жезқазған қ.: жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Түнде және таңертең тұман.
Түркістан облысында жаңбыр, облыстың солтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың оңтүстігінде найзағай. Облыстың батысында, солтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында 15-20, күндіз таулы аудандарында екпіні 23-28 м/с. Шымкент қ.: түнде және таңертең кей уақыттарда қатты жаңбыр күтіледі. Кей уақыттарда тұман. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Түркістан қ.: кей уақыттарда тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.
Жетісу облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың таулы аудандарында тұман. Оңтүстік-батыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі, облыстың шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Талдықорған қ.: жоғары өрт қаупі сақталады.
Ақтөбе облысының оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Атырау облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Облыстың батысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Қызылорда облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), түнде облыстың шығысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың шығысында, орталығында тұман күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Қызылорда қ.: кей уақытта тұман күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Павлодар облысының оңтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында кей уақытта қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында тұман. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-18 м/с күтіледі. Павлодар қ.: түнде және таңертең тұман күтіледі.
Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Қостанай қ.: түнде және таңертең тұман күтіледі.
Маңғыстау облысының батысында, солтүстік-шығысында, орталығында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстік-шығысында, орталығында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың батысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, батысында, таулы аудандарында жаңбыр, күндіз жаңбыр, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Облыстың таулы аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Тараз қ.: кей уақыттарда жаңбыр, күндіз найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с, кей уақыттарда 25 м/с күтіледі. Жоғары өрт қаупі сақталады.
Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында аздаған қар, көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Петропавл қ.: түнде және таңертең тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында жауын-шашын, кей уақытта қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында 15-20, екпіні 23-28 м/с. Өскемен қ.: жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с.
Абай облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Оңтүстіктен соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, оңтүстік-батысында, орталығында 15-20, екпіні 23-28 м/с. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Орал қ.: түнде және таңертең тұман күтіледі.
Астана қ.: тұман, көктайғақ күтіледі.
Ақмола облысында тұман, көктайғақ күтіледі. Көкшетау қ.: түнде және таңертең тұман, көктайғақ күтіледі.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
19:56, 9 қараша 2026
Павлодарда 80 жастағы әйел Ертіс жағасындағы жардан құлап кетті
-
19:51, 9 қараша 2026
Шашынан сүйреген: Ақтөбеде бірге тұратын әйелін азаптаған таксист жазадан құтылды
-
19:32, 9 қараша 2026
Абай облысында 52 бас ірі қара малды ұрлағандар сотталды
-
19:23, 9 қараша 2026
Тоқаев Конституцияда ел егемендігі мен жер тұтастығын қорғау басты міндет ретінде бекітілгенін айтты
-
18:56, 9 қараша 2026
Павлодар облысында автомеханик клиентінің көлігін мініп, жол апатына ұшырады





